Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында мереке! Өнер ордасы Балаларды қорғау күніне орай кішкентай көрермендердің басын қосты. Қара шаңырақ су жаңа «Кентервильское привидение» атты спектакльдің тұсауын кесті.
Владимир Крылов, режиссер:
- Бұш қойылым карантинге байланысты ұзақ уақыттан бері кейінге шегеріліп келген еді. Мерекеге орай, тұсауын кескенімізге қуаныштымыз. 200-300 көрермен болғанның өзі қуантады.
Бұл күні қойылымды алғаш болып балалар үйінің бүлдіршіндері тамашалады. Театр ұжымы дәл осылай балақайларға қуаныш сыйлағысы келген екен. Еске салсақ, су жаңа спектакль Оскар Уайльдтың новелласы негізінде әзірленген.
Никита Коньшин, актер:
– Мынандай парик және киіммен өнер көрсету оңай болмады. Себебі, ыстықтап кетеді екенсің. Жалпы, қойылымға тез уақытта дайындалдым. Рөлімге қатысты қандай да бір қиындық болды деп айта алмаймын.
Кристина Золочевская, актриса:
- Ханшайым, перизат емес дәл осындай ерекше рөлдерді сомдағанды жақсы көрем. Бастысы, балақайлардың көңілінен шықты деп үміттенемін.
Ал кішкентай көрермен үшін театр есігі әрдайым ашық! Жаңа қойылым бүгіннен бастап халық назарына ұсынылмақ.