«Босс-молокосос»» картинасы үлкен экрандарға қайта оралмақ! Алайда бас кейіпкерлер Тим мен Тед енді кішкентай бүлдіршін емес. Сюжет желісі бойынша, есейіп бір-бірінен бөлек кеткен бауырлар қайта күш біріктірмек. Енді олар қатал балақайлардан әскер жинап, жаман істермен айналысатын зұлымға қарсы тұрмақ. Лента осы жылдың қыркүйек айынан бастап кинотеатрлардан көрсетіледі.
Кішкентай көрермен граф Дракуланың қызықты оқиғасын да сағынғаны сөзсіз! «Құбыжықтар демалысы» анимациялық туындысының төртінші бөлімі де көппен қауышуға әзір. Мультфильм сюжетіне Дракуланың қызы Мэвистің бой жетуі мен бастан өткергені негіз болмақ. Еске салсақ, аталмыш франшиза 1,2 млрд. доллар жинап, кезінде кассалық картиналар қатарына кірген еді.
Кезінде «Зверопой» картинасы бүлдіршіндер ғана емес ересектердің де ыстық ықыласына бөленген еді! Енді міне, араға 5 жыл салып туындының жалғасы жарық көрмек. Түрлі шоулар мен тартысты конкурстарды әжуалайтын анимацияның жалғасында бәз-баяғыдай Розита, Эш, Майк, Джонни, Мина сынды сүйікті жануарлар төбе көрсетпек. Картинаның премьерасы шілде айына жоспарланған.