Стильді сұлулар қатарына жататын Динара Бақтыбаева өзіне ұнайтын киімді ұзақ іздейді екен. Талғампаз актриса неліктен шоппинг жасағанды жаны сүймейтінін мәлімдеді. Динараның бүгінде 10 айлық қызы бар. Өнер иесі балалы болған соң дүкен аралаудың тіпті қиын болып кеткенін жасырмады.
Динара Бақтыбаева, актриса:
– Ұнайтын киімімді таппайынша бірнеше күн дүкен аралап жүріп, шаршаймын әсіресе баламен жүргенде. Сағаттап киім іздегеннен гөрі, уақытымды пайдалы іске жұмсағым келеді.
Десе де, отандық жұлдыздар арасынан шопоголик арулар жоқ емес! Мәселен, Ерке Есмахан «Prada», «D&G», «Gucci», «Fendi», «Chanel» брендтерінің тұрақты тұтынушысы. Ал Сиви Махмуди тек өзі ғана емес, қызын да трендтен қалдырмауға тырысады. Сивиеттаның ханшайымы киген «LV» курткасының құны 2 мың долларға жуықтайды.
Лидо да ерекше образдарымен қыз-келіншектерді үнемі таң қалдырып жүреді. Fashion-блогер оқырмандарына киімді қалай дұрыс үйлестіруді айтудан жалыққан емес.
Ал Назым Әбілдина өзін шопоголик санамаса да, ұнаған киімдерін алуда ешкімнің алдына жан салмайды. Экс-Кеш YOU-лік арудың сүйікті брендтері «Balenciaga», «Dior», «Chanel».
Назым Әбілдина, әнші:
– Мен онша қатты шопоголик емеспін. Болады жаңағы кейде магазиндерге барып тұрасың, ұнайды. Бірақ көңілім күйім қатты, настрой болмайды да былай киініп-шешініп, үйтіп-бүйтіп көріп, кейде барғым келмейді.
Белгілі дизайнер Аида Кәуменова болса, бағалы заттардан гөрі, өзінің жұмысына қажет дүниелерді сатып алғаннан жаны рахаттанады екен.
Аида Кәуменова, дизайнер:
– Өйткені, знаете қашан мен шопоголикпін мата алғанда, матаны километр, метр қылып алғанды жақсы көремін. Мен өзімнің «Аида Кәуменова» брендінің киімін өте жақсы көремін және фанаткасымын.