Пандемиядан соң «экология» тақырыбы әлемдік сән саласының мамандарын қатты толғандырса керек! Дизайнерлері арнайы бас қосып, табиғатты қорғау тақырыбын талқылады. Тіпті, фэшн мамандар бұдан-былай сәнқойларға артық киім сатып алмауға кеңес берді.
Лилия Рах, байер:
- Адамдар қажетсіз киім алып, тек қана ақша ғана құрпайды. Олар бұл әркетімен экологияға кесірін тигізуде. Сондықтан сізге 10 жылдап қызмет ететін, тек сапалы киімдерді сатып алу керек. Брендтердің психологиялық құрығына түспеуді сұраймын.
Тіпті, фэшн саласының өкілдері арасында өз ісімен үлгі болып жүргендер де бар екен. Мәселен, Алекс Чжен қоршаған ортаны қорғауды өмірлік стилі санайды.
Алекс Чжен, дизайнер:
- Мен бұрыннан қайта өңделген дүниені қолдануды әдетке айналдырғам. Мысалы, мына сөмке ескі күртешеден жасалған. Сондай-ақ, дүкенге барғанда пластикалық пакет қолданбаймын. Мынандай сөмкелерді ерінбей өзіммен бірге алып жүремін.
Сондай-ақ, отандық сәнгерлер Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясымен бірлесе эко-тақырыптағы «Дала ДНҚ-сы» жобасын бастайтынын жариялады. Шара аясында дизайнерлер арнайы сабақтар мен лекциялар ұсынбақ.
Лилия Рах, байер:
- Одан бөлек, «Дала ДНҚ-сы» тақырыбында суреттер байқауын жарияладық. Үздік шыққан жеңімпазды таңдап, соның суретімен жейделер топтамасын дайындаймыз. Ал сол жейденің сатылымынан түскен табыс қайырымдылық мақсатта жұмсалады.