Жұлдыздар да оқушы болған! 25 мамыр әрбір түлек үшін қайталанбас күн екені белгілі. Шоу-бизнес өкілдері де соңғы қоңырау салтанатына қатысты оқиғаларын сағына еске алады. Мәселен, Айдын Жұмахан: «Бұл күні өзгелерден ерекшелену үшін барымды салдым», - дейді.
Айдын Жұмахан, әнші:
– Ой, 25 май қап-қара костюм шалбар киіп алып келдім ғой. Выпускной вечер болады. Ол мероприятиелерге міндетті түрде бардымда мен, сабаққа бармай бір жерден қалып қалсам да ол жерлерге міндетті түрде барасың, өйткені бір ақ рет болатын как «той» сияқты ғой, өміріңде бір ақ рет болатын.
Ал Ғазизхан музыкалық колледжге түсіп кеткен соң, сыныптастарынан арасы алшақтап қалғанын айтады. Әнші тіпті атаулы мерекені жақсылап тойлата алмаған.
Ғазизхан Шекербеков, әнші:
– Мектептен мен 9 кластан кеткеннен кейін біз енді 11 клас бітіретін кезде соңғы қоңырауда, одан кейін бір жаңағы отырыс, банкет болатын еді ғой соған бардым. Бірақ кәдімгідей бір алыстап қалғандай, шығарып жіберген сияқты бір қатты толық сезіне алмадым да, мен ойлаймын сол жаңағыдай 9 дан кеткендерге қатты сезіле қоймайтын шығар.
Гүлшарат Жұбаева бұл салтанатты шараға ұзақ дайындықпен келгенін еске алды. Актриса мектепті бітіргеніне биыл 20 жыл толуына орай сыныптастарымен қайта бас қосуы мүмкін.
Гүлшарат Жұбаева, актриса:
– 25 май енді көптен күтесің, әдемі көйлек тіктіресің ол кезде тіктіретінбіз ия, тіктіріп, таңды күтіп алу деген сияқты ырымдар болушы еді ғой. Осы жылы енді 20 жыл болып жатыр бітіргенімізге, жиналу ойымызда бар, алдағы таңда көре жатармыз.
Ал өз қызықтарымен бөліскен Алмас Есенхан: «Мектеп кезінде «әнші балапан» болғанмын», - дейді. Бірақ ол тектен-текке ортаға шығып өнер көрсетпеген. Мақсаты бір арудың жүрегін жаулау екен.
Алмас Есенхан, пранкер:
– 25 майда енді қызықтың бәрі сол жақта боладығой. 25 майда обязательно бір өлең айтамын. Өлең айтқан кезде сол жақта старостама ғашықтау едіме. Сол қызға қарап өлең айтатынмын, білмеймін неге екенін. Ол қыз келмей қалса концертке, айтпай қоятынмын, кетіп қалатынмын.