Халықаралық жобаның бас жүлдесі Италиялық «Maneskin» рок-тобына бұйырды. Ән байқауда олар «Zitti e bouni» атты хард-рок стиліндегі композицияны орындады. Квартет әуел баста қазылар алқасының дауыс беруімен төртінші орынға жайғасқан еді. Дегенмен, көрерменнің арқасында ұжым 524 ұпай жинап гран-при иегері атанды.
Алайда, бүгінде жеңімпаздардың басынан дау арылар емес! Бұған себеп
топ солисті Домиано Давидтің тікелей эфирде есірткі қолданды деген күдік тудыруы. Мұндай ерсі қылықты байқаған халық «гран-при есімі анықталған» шешіммен келіскісі келмеді. Енді, «Maneskin» тобының вокалисі өз еркімен ағзасында есірткінің бар-жоғын анықтау үшін тексерістен өтеді. Сайыс ұйымдастырушылары бұл шуға осылайша нүкте қоймақ.
Екінші орынға Франциялық Барбара Прави ие болса, Швейцариялық Gjon's Tears үшінші орынға жайғасты. Исландиялық өнерпаз төртінші, ал Украиналық «Go_A» бесінші орынды місе тұтқан.
Ресей елінің намысын қорғаған Манижа бас жүлде иегері атанбаса да, үздік ондықтың құрамына кірді. Көрермен өнерпаздан гран-при күтсе де ол 9-шы орынды еншіледі. Еске салсақ, Манижаның өнері youtube платформасында 13 миллион қаралым жинап, «Eurovision»-нің басқа қатысушыларына қарағанда біршама алда тұр. Осылайша, батыстық әртістер барын сала дайындалған халықаралық байқау өз мәресіне жетті.