Назым Әбілдина тек алты мың долларлық сөмке ұстайтыны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлназ Жоланова трендтен қалмай, сәнді көріну үшін шетелдіктерге електейді екен! Инстаграмның сәнқойы саналатын сылқым гардеробын жарты жыл сайын жаңартуды құп көреді. Актриса үшін әрбір образының бағасынан бұрын, сапасы маңызды.

Гүлназ Жоланова, актриса:

- Сапалы киімдерді жақсы көремін. Сапалы, төзімді және ұзақ киеті. Бірақ эиткеткасында осындай жазу болу деген міндетті емес. Мен өте практичный адаммын. Әрбір жарты жыл сайын гардеробымды тазалап тұрамын. Цветавая гаммасы бар, бәрі бір-біріне келетін келмейтін. Осы жағынан мен кішкене Жапон адамдарына еліктеп, осылай қараймын.

Есесіне, Назым Әбілдина киімге келгенде қарапайымдықты құптамайды.

Экс-Кеш YOU-лік арудың бір сөмкесінің құны 6-7 мың долларды құрауы мүмкін. Ал Balenciaga, Dior, Chanel – Назымның сүйікті брендтерінің бірі.

Назым Әбілдина, әнші, тележүргізуші:

- Жақсы көремін киімдерді, брендті киімдерді. Бірақ шопоголик дегенде білмеймін. Менің ойымша шопоголик деген ол, күні-түні жаңағы мынандай сатып алсам екен, барып ананы сатып аламын. Мен онша қатты шопоголик емеспін. Болады жаңағы кейде магазиндерге барып тұрасың, ұнайды.

Әсем Жакетаева болса: «Карантин трендті емес, ыңғайлы киінуді үйретті» - дейді. Жаңа дүние сатып алуға әбден үйренген әнші, карантин кезінде онлайн шоппинг жасап көруге тырысқан.

Әсем Жакетаева, әнші, актриса:

- Оффлайн барып таңдағанды дұрыс деп санаймын. Материалды ұстау керек, киіп көру керек. Беріп көрдім, ожидания реальность деп жағдайлар болады ғой. Ондай жағдайларда болды.

Қысқасы Әсем: «Дүкен аралап, шынайы өмірде сауда жасағанға ештеңе жетпейді екен», - дейді.