ГИВ – карантин кезіндегі көптеген шоу-бизнес пен өнер өкілдерінің негізгі кіріс көзіне айналғандай. Желіні ашып қалсаң «Атаулы байқаулардан» көз сүрінеді. Бүгінде инстада 2,5 миллион фолловері бар блогер ННН яғни Нұрдаулет Бектұрсын, әр 3 ай сайын ойын өткізетінін жасырмайды. «Бұл халықты оңай ақшаға үйрету емес, керісінше адамдарға кенеттен қуаныш сыйлау», - дейді ол.
Нұрдаулет Бектұрсын, блогер:
– Ең біріншіден ГИВ-тың пайдасы мен зиянын есептейік. Зияны тегін нәрсеге үйреніп қалады дейді. Халыққа неге тегін бермеске, егер бере алатын болса? «Тегін нәрсеге үйренеді» деп бәрін ақша қыла беруге болмайды. Екіншіден сол арқылы орта, кіші бизнестердің аккаунттары жүріп жатыр инстаграм арқылы. Үшіншіден біз ақшамызды алып жатырмыз. Значит үш жаққа да тең.
ННН жұртты сыйлықтармен қуантатынын айтса, Сара Амангелді ондай ойындарға сенбейтін болып шықты. Бұған әншінің өз себебі бар. Сара осы ГИВ толқыны енді басталып келе жатқанда, алаяқтардың құрығына тұтылып қалған екен. «Бірақ сол кезде қатемді мойындауға бата алмадым»,-дейді ол.
Сара Амангелді, әнші:
– Мен ГИВ ойнатпаймын, гив дегенге мен шынымда айтсам 1 рет солай ойнатып халықты алдадым десем де болды.Өйткені мен өзім түсінбедім. Бірақ ГИВ деген заттардың бәрі, машина ойнату дегеннің бәрі шынымен де алаяқтық мен солай ойлаймын.
Ал желінің жұлдызды жұбы Дархан мен Дарикорн «Бармақ басты, көз қыстылыққа» баратын блогерлердің кесірінен, соңғы кездері ГИВ-ке деген негативтың күшейгенін жасырмайды. Тіпті, Дархан осындай алып-қашпа әңгімелерді азайтып, алаяқтықты жою үшін заңның керек екенін айтады.
Жолшыбеков: «Егер қажет болса, кіріс көзінен, өкіметке салық төлеуге дайынбыз», - дейді.
Дархан Жолшыбеков, блогер:
– ГИВ-ке қандай заң шығарса да, ол заң ары кетсе қаржы дейді ғой енді. Налоговыйдан болуы мүмкін яғни ГИВ-ке алған гонорардың мысалы общий суммадан негізі 12 процент, прибыльдан 3 процент деген сияқты. Сол жайында шығарса, оған келісем. Налог төлеу керек болса, төлейміз. Ал егерде мүлде қарсы болатын болса заң, оны қолдамаймыз.
Негізінде ГИВ-ке қатысты заң, бүгінде қаралып жатыр. Бірақ әзірге ешқандай нақты ақпарат жоқ, үкім өз күшіне енбеді.