Ақбота-Нұр, әнші:
- 20 сағатым ватсапта өтеді, өйткені әндер қарастырамыз, сөйлесеміз жұмыс бабынша сөйлесеміз. Сьемкаларым, арсында барып-келетін тойларым бар. Ал инстаграм желісінде мен ары кетсе 2 сағат, 2,5 сағатым ғана кетеді, күніне.
Дәл осылай деген Ақбота-Нұр өзге әріптестері арасынан ватсапта отырудан рекордсмен атанып отыр! Телефонға телмірген танымалдардың тағы бірі – Данияр Өтеген. Тіпті, әнші 21 ғасырдың бұл дертімен күресе алмай келе жатқанын айтады.
Данияр Өтеген, әнші:
– Негізінде қазір көп уақыт өткіземін, шынымды айтсам. Себебі:енді қазір жұмыс көп емес ондай қатты бір тасып жатқан жұмыс жоқ. Сондықтан мысалы үйге келгенде кешке бір сағат 8 ден 11 ге отырамын.
Десе де, күніне 3 сағатын әлеуметік желіге арнайтын Данияр, оның пайдалы тұстары да бар екенін алға тартады. Мәселен, өнер иесі ғаламтордан керегінің бәрін табады екен.
Данияр Өтеген, әнші:
– Лайфхак бар, мысалы бір күшті интервью шықты оны көргің келеді, бірақ оны басқа жұмыстармен бірге жасауға болады. Мысалы
спортзалға барам, жаңағы беговой дорожкаға тұрамын да өзім көрем дейтін кез-келген нәрсені қосамын да, жүгіремін. Приятное с полезным дегендей.
Зируза болса, әр сәтін сторисқа салатын сұлулардың бірі. Алайда, кью-поп ханшайымы таң атқаннан, кеш батқанға дейін смартфонға қарап отырмайтынын айтады. «Әлеуметтік желіде өмірімнің бір бөлігі ғана көрсетіледі», - дейді ол.
Зируза, әнші:
– Өзімді толықтай әлеуметтік желіге қатты тәуелдімін деп айта алмаймын. Тек қана жұмыс бабымен ғана болмаса, таң ата тұрып жаңағы қолыма ұялы телефонымды алып жататын адамдардың қатарында емеспін.
Өнер иесі өзге әріптестеріне де, виртуалды өмірді шынайы өмірмен мейлінше алмастырмауға кеңес береді