Нұрлан Қоянбаев қандай фильм таспаламақ?

Сообщить о проблеме с эфиром

Түркияда жүріп таспаланған су жаңа туындының бірі - «I go to school» лентасы. Картина «Бизнес по казахскидің» жұлдызы Еркоштың саяхатта бастан кешкен оқиғасы жайлы. Фильмде қазақ көрерменіне Ананди образы арқылы етене таныс үнді актрисасы Авика Гор басты рөлде.

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

- «I go to school» ол да бір бөлек кино. «Бизнес по-казахскидің» туысқаны болса да, ол бөлек жанр. Ол жерде «road movie» дейді, жаңағы жолда болатын оқиғалар, жанры өте ерекше.

Алайда, Ананди Қоянбаевтың туындысында төбе көрсететін жалғыз жұлдыз емес. Мәселен, түркі телехикаялары арқылы танымал Кадир Догулу «Бизнес по казахски в Турции» фильміне әрі продюсері әрі актер ретінде қатысқан. Қоянбаевтың айтуынша, франшизаның бұл бөлімі бұрынғылардан өзгеше болмақ.

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

- Басты ерекшелігі енді көптен бері көрермендер жазып жатыр ғой осы: «Нұрлан біз үкімет тарапынан түсіріліп жатқан кинолар болсын, жаңағы комерциялық компаниялардың кинолары болса да бәрі орыс тілінде түсіріліп жатыр», - деген. Соны ескере отырып осы жылы басты ерекшелігіміз «Бизнес по-казахски Түркияда» киномыз қазақ тілінде түсірілді.

Одан өзге, Қоянбаев Кадир Догулу қолқасымен түрік көрерменіне арнап картина таспалаған болатын. Трагикомедия бағытындағы лента «Митат» деп аталады.

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

- Жалпы өзім бастап шетел нарығына түсірген алғашқы кином. Өзім ғана емес осы продюсер партнеріміз серіктесіміз Кадир Догулумен бірге. Жалпы осы 9 айда Түркияда біз 3 кино түсірдік. 2 кино ол қазақстанға бір кино Түркия нарығына.

Ал Қоянбаевтың ыстығы басылмаған туындылары сәтін сәлса, жаңа жыл қарсаңында жарық көрмек.