Әлеуметтік желіде «Түркияда баспаналы болдым» деп, пост жариялау жұлдыздар арасында құдды бір челленджге айналғандай! Соңғы кездері шоу-бизнес өкілдері арасында өзге елге уақытша болса да, қоныс аударып жатқандар көп. Мәселен, таяуда ғана Жәния Джуринская жары Данияр Хизметовпен Алания қаласынан пәтер алса, Қыдырәлі мен Қарақат, Алтынай Жорабаевалар бір-біріне көрші болған.
Жарты жылдай Стамбулда тұрақтаған Жахан Отарғалиев та соңғы кездері шетел туралы ойланып жүрсе керек. Актер: «Сүйікті жарымды кездестіруім өзге елге кетуімнің арқасы», - дейді.
Жахан Отарғалиев, актер:
- Уақытша тұрып келуге мен өз басым қарсы емеспін. Өйткені басқа бір ой. Басқа бір идея свежий оймен келесің ғой. Сол үшін ғана, бірақ көшіп кету мәселесін мен білмеймін енді. Айтқым да келмейді, біреу сөзден сын алады дейді ғой.
Салтанат Құдайбергенова болса, шетелге шалқар шабыт іздеу үшін емес, басқа мақсатпен аттанғысы келеді. Өнерлі отбасының кенжесі өзге мемлекетте шығармашылығын шыңдап, туған жерін танытпақ ниетте.
Салтанат Құдайбергенова, әнші, актриса:
- Әрине шетел жақсы. Демалған жақсы, жұмыс істеген жақсы, пікір алмасқан жақсы. Ол жақта барып жұмыс істеп, сотрудничать етіп білім алып келген өте керемет. Бірақ та сондада, елімізді дамытқан өте дұрыс деп ойлаймын.
Ал Нұрлан Қоянбаев жұмыс бабымен Түркия елінде аттанғанына бір жылдан асты. Алайда, продюсер өзге әріптестері сынды баспаналы болмаған. Аланияда пәтер жалдап тұрған ол, әзірге отанынан түбегейлі жырақтауға дайын емес екенін айтады.
Нұрлан Қоянбаев, продюсер:
- Мен өзім ондай дым жоқ көшуге. Бір осы Түркияда жалдап тұрғанбыз бір үйді. Сосын сол жалдап тұрған үйге кімдерді қонаққа шықарғанбыз Несилхан мен Кадырды. Сөйтіп барлық жерге шығып кетіпті. Мен ешқандайда көшу ойым жоқ. Бірақ жұмыс бабымен 8 ай болсын, 2 жылға болсын 1 жылға болсын өзім құқығым бар шығар деп ойлаймын.