Араға уақыт салып, сахнаға қайта оралған әншілер кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Араға 5 жыл салып сахнаға қайта оралғандардың бірі – Данияр Өзбеков. «ALL-Давай» тобының мүшесі жеке әнші ретінде өнер көрсетпек. Бүгінде шығармашылығына шыңдап кіріскен ол жуырда ғана «LovA» трегіне бейнебаян ұсынған болатын.

Данияр Өзбеков, әнші:

– Бұл жобаға ұзақ дайындалдым. Бір жыл бұрын тректі жаздық. Жарыққа шығарамыз ба деп жоспарлап едік, пандемия болып кетті. Енді уақыты келді деп ойлаймын. Себебі, бұл бейнебаян өте ауқымды әрі сапалы шығайын деп тұр.

Des есімді рэп орындаушымен коллаб орнатқан Өзбеков: «Әншілікті қайта қолға алуыма фанаттарым себепкер болды», - дейді.

Данияр Өзбеков, әнші:

– Шыны керек 20 жылдан астап «Ал давай» тобында өнер көрсеткен сәтте, біз өзіміздің фанаттарымызды жинап алдық. Әрқайсысымыздың өз аудиториямыз бар. Маған сахнаға орал деп өтінгендер көп болды.

Динара Қырықбаева да бүгінде белсенді! Әнші соңғы кездері блогерлікті қолға алып, ғаламторда танымалдылығын арттыруда. Динара сондай-ақ, өзін сағынған тыңдарманын да ұмыт қалдырмақ емес. Қырықбаева алдағы уақытта су жаңа тректерін ұсынбақ ниетте.

Динара Қырықбаева, әнші, блогер:

- Әрине, инстаграмда көп сұрайды. Динара Қырықбаева қайда, аа, міне екенсіз ғой. Қуаныштымыз тапқанымызға. Ол менің оқырмандарым, менің творчествомды ұмытпаған адамдар. Сондықтан мен өте ризамын. Ол кішкентайлар тез өсіп кетеді. Қазір кішкене солармен болғым келеді. Солармен уақыт өткізгім келеді.

Еске салсақ, Қайрат Түнтеков те 4 жылдай уақыт өнерден үзіліс алған болатын. «Супер стар кз» жобасының жұлдызы өміріндегі оқиғаларға байланысты сахнадан жырақтап кеткен-ді. Кейіннен әнші шығармашылығын қолға алған болатын.

Қайрат Түнтеков, әнші:

- Сағындық Қайрат. Балам деп апалар жазып кетеді мысалы, сонымен кәдімгідей білдім халық ұмытпағанын, халық сағынғанын. Ойыма сол келді де, неге халық үшін шықпасқа, халықты сағындырдым қатты.

Өнер жолын Қайрат Түнтековпен бірге бастаған Алмас Кішкенбаев та бұрыңғы танымалдығын жаңғыртпақ. Өнер иесі сахнаға қайта шығу үшін спортпен шұғылданып, су жаңа тректерін әзірлеп қойған.