Скриптонит «iТunes KZ» чартының көшін бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Скриптонит «iТunes KZ» чартының көшін бастап тұр. Наурыз айының соңында шыққан «Жить как я живу» синглы әлі де трендтің төрінен түспеді. Музыканттың бұл әні оның «Свистки и бумажки» деп аталатын жаңа альбомының алғашқы трегі саналады.

Ал екінші орында Miyagi мен Andy Panda ұсынған «Патрон» әні. Трек тұсауы кесіле сап, бірден көптің көңілінен шыққан болатын. Әсем ән уақыт өтсе де, әлі де сұраныста. Композия ютуб платформасында екі апта ішінде 6 млн-нан астам рет тыңдалған.

«iТunes KZ»-тың үздік үштігін Justin Bieber мен Daniel Caesar, Giveon ұсынған «Peaches» туындысы түйіндейді. Еске салсақ, 1 ай бұрын жарық көрген трек Қазақстан ғана емес әлем тыңдарманының көңілінен шығуда. Ал аталмыш ән ұсынылған бейнебаян алғашқы сағатында-ақ жарты миллионға жуық қаралым жинаған болатын.