Талай жыр саханада жүріп, топтардың тарауына не себеп?

Сообщить о проблеме с эфиром

Талай жыл сахнада жүріп, тарап кеткен топтардың бірі – «Аюми» гелзбенді. Ұжым 2011 жылы алғаш бейнебаяндарын ұсынып, кейіннен Алуа Конарованың қоластына өткен еді. Алайда алты жыл аянбай еңбек еткен аруларға, жеке өмірге байланысты өнермен қош айтысуға тура келді.

Айдана Мәлік «Ayumi» тобының экс-әншісі:

- Фанаттарымыз әрине қалайды қосылғанымызды. Бірақ ол болмайтын дүние деп ойлаймын. Өйткені Әселдің өз отбасы бар, менің өз отбасым бар. Ақназдың өз тобы бар.

Ал «Джейранның» тарауы топ табынушыларына төбеден түскен жай болды! 5 жыл бойы бірге үлкен сахнада өнер көрсеткен ұжымды жан-жаққа жіберу продюсер Адильжан Юсуповтың шешімі. Гелзбендтен кетсе де, ұжым мүшелері бүгінде шығармашылықтан қол үзген емес. Алтынай Жолдыбаева жеке әнші ретінде, ал Медина Жалғасова «ToMe» дуэтінде өнер көрсетіп жүр. Фариза Ескермес болса, актриса ретінде талай жобаларда төбе көрсетіп үлгерді.

Медина Жалғасова, «Jayrun» тобының экс-әншісі:

- Ешқандай ұрыс-керіс болған жоқ. Біз тарадық болды. Бұдан кейін біз кездескен жоқпыз, сөйлескен жоқпыз. Былай топ қайтып құрыла ма, құрылмай ма мен білмеймін.

Соңғы кездері q-pop та да талай топ тарап үлгерді! Соның бірі – таяуда ғана жұмысын ресми түрді тоқтатқан «EQ» ұжымы. 4 жылға жуық ортақ өнер көрсеткен Еско мен Тико, бұл бағытта ән шырқау табысы жағынан тиімсіз екенін алға тартқан еді.

Самат Қазмагамбетов, «EQ» тобының экс-әншісі:

- Қанша істесек те, ощущения да сондай әлі де. Қазақстанның халқы ондай қатты бағаламайды да, по-любому. Біз бір жылдың ішінде санап қарасақ, 6-7 клип те түсіріп тастағанбыз да. Но отдача жоқ та. Ондай уау деген отдача жоқ. Біз таңертеңнен кешке дейін жұмыс жасаймыз, еңбектенеміз.

Еске салсақ, «EQ» ғана емес, «Newton», «Black Dail», «Sevenlight», «Byura», ал гелзбендтер арасында «Ozge», «CrystalZ», «Ice Blue» және «Juzim» сынды топтардың шығармашылығы ұзаққа бармады. Мәселен, Асыл Айдар жетекшілік еткен «Juzim»-діктер продюсермен өзара келісе алмағаны үшін тарады.

Bope мен Roo, «Juzim» тобының экс-мүшелері:

- Бұл шешімге, жаңағыдай тіл табыспаушылық деп айтуға болады. Себебі, көп жағынан шығармашылық жағынан, қысым, жаңағыдай адами тұрғыда, көп жағынан бізде осындай түсініспеушіліктер болып қалды.