Танымалдылығын игі мақсатта пайдаланып жүрген жұлдыздар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Асқақтаған атағын халықтың игілігі үшін сарп етіп, күш-жігерін жұмсап жүрген жұлдыздар жетерлік! Соның бірі - әрдайым әйелдер мәселесін күйттеуден жалықпайтын әнші Калия. Тіпті, бүгінде ол жұрт жадында өнер иесі емес, қоғам белсендісі ретінде жатталған. БҰҰ-ның UNFPA қорының өкілі атанған Ақмаржан Көшербаева елге көмектесуді өмірлік миссиясына балайды.

Kaliya, әнші:

- Волонтерлік деген не? Ол разовый акция емес. Бір рет келіп, бір рет көмектесетін. Ол өмірдегі стиль жизни дейді ғой, өмірдегі ұстанымыңыз болуы керек.

Қыз құқығын қорғауда Динара Сәтжан да бұл күндері белсенді. Медиатұлға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты талай мәселе көтеріп, пандемия кезінде халыққа тыныс алу аппараттарын алуға өз үлесін қосқан еді. Одан бөлек, танымал тележүргізуші Адель Оразалинова да төтенше жағдай кезінде тартынып қалмады.

Адель Оразалинова, тележүргізуші:

- Біздің қаламызда қиын сәтте қол ұшын созуға әзір адамдар көп. Бәріміз мелекеттен көмек сұрап, күтіп отырмай, керісінше жұмыла қиындықты еңсеруге тырыстық. Бұл бәріміздің парызымыз.

«Келинка Сабина» картинасындағы аңғал құрбы – Айнұр Ілиясова да бүгінде қоғам белсендісі. Актриса «Бөпе» атты қор ашып, отбасылық проблемаларды көтеріп жүрген санаулылардың бірі. Талай жанұялық фестивальдер мен форумдар Ілиясованың атқарған ісінің бір бөлшегі ғана.

Айнұр Ілиясова, актриса, «Бөпе» қорының ұйымдастырушысы:

- Бірден жұмысқа кірісіп кетсең, ешқандай депрессия саған тиіспейді. Сондықтан, қызу жұмысқа бірден кіріп кеттік. Бұл жұмыс өзіме де жақсы деп айтуға болады.

Осылайша, шарықтаған танымалдылығына мас болмай, оны оңтайлы пайдаланып жүрген жұлдыздар: «Елге көмектесуді парыз санаймыз», - дейді.