Ақбота-Нұр Түркияға барып, шығармашылығын шыңдамақ ниетте. Әнші шетелге барып актриса атануды біраз уақыттан бері жоспарлап жүрсе керек. Тіпті, өнер иесі өзінің анкетасын түріктің продюсерлік орталықтарына жіберіп қойыпты. Десе де, Ақбота: «Бұл өзге мемлекетке түбегейлі көшемін деген сөз емес», - дейді
Ақбота Сейтітмағамбет, әнші, актриса:
- Менде өзіндік жеке себептер бар өйткені мен Түркия елінде өзімді жаңа шыңнан жаңа актриса ретінде өзімді танытқым келеді, көрсеткім келеді. «Осындай Қазақстанда актриса, әнші қыз бар Ақбота деген». - деп. Қазір енді түрік тілін жаттап жатырмыз, оқып жатырмын.
Басқа елге шығармашылық үшін қоныс аударуды Аян Бірбаев та үлкен мүмкіндік санайды. «Ринголық» әнші бұл тәжірбие жинаудың бірден-бір жолы деген сенімде. Сондықтан, Бірбаев жұмысы үшін шетелге көшуге дайын.
Аян Бірбаев, «Rin’GO» тобының әншісі:
- Ол үлкен мүмкіндік. Әркімнің қолынан келе бермейтін, әркімге ондай мүмкіндік келе бермейді да. Ол тек қана тәжібрие жинау. Мысалыға балаларыңызды, көп адамдар бар ғой шетелге оқуға береді. Неге? Өйткені ол жердің әзірше өкінішке орай шетелде білім беру дәрежесі біздікіне қарағанда әлдеқайда жоғары.
Жұбаныш Жексенұлы шетелге көшу әркімнің өз таңдауы деп отыр. Сондықтан, ол: «Жұлдыздардың өзге мемлекетке көшіп кеткені үшін кінәлаудың қажеті жоқ», - дейді. Еске салсақ, мұндай айыптауды бүгінде Түркияда тұрып жатқан Алуа Қонароваға жазатындар көп.
Жұбаныш Жексенұлы
- Ол әркімнің өзінің өмірі жеке, ойы. «Адамның басы Алланың добы», - деп сондай сөз бар ғой. Біраз ағыммен қай жаққа қарай әкетеді, адам сол жаққа өмір сүреді. Бірақ ол туған елін, туған жұртын тастап кету немесе сатып кету деп аталмайды. Ол өзінің шешімі, семьялық мүмкін жағдай, мүмкін жеке басының өзінің шаруасы.
Ал Ерлан Байбазаров ұзақ мерзімге өз елінен жырақтауға әзір емес екен. Музыкант шетелге тек уақытша барып келуді құптайды. Ерлан «Голос Украина» жобасына қатысқан сәтте Киев қаласында бірнеше ай болған еді.
Ерлан Байбазаров, музыкант:
- Жоқ мен шетелге көшуге жалпы қарсымын. Бірақ барып тәжірбие алуға неге көрмеске. Уақытша болса барамын міндетті түрде өйткені, өзім сондайды ұнатамын. Бірақ мен тұрақтылықты жақсы көремін, бір жерде тұрамын ба, сол жерде тұрғым келеді.