Скриптонит су жаңа альбом ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Скриптонит су жаңа «Свистки и бумажки» атты жинағын уақытынан бұрын жарыққа шығарып, тыңдармандарын қуантты. Бұған себеп, «Apple Music»-тің техникалық ақауларына байланысты, ондағы тректердің кейбір елдерге таралып кетуі. Осылайша, хип-хоп орындаушы көп күткен туындысын ерте ұсынып отыр.

«Свистки и бумажки» жинағына Скриптониттің 15 таңдаулы трегі кіреді. Бүгінде альбомдағы әндердің барлығы дерлік тыңдалымы жағынан топ жарып, «iTunes» чартын бастады. Хип-хоп орындаушының әсіресе «Жить как я живу» композицясы көпке ұнап жатса керек.

Ал музыкалық чарттың екінші сатысына «Рамок нет» трегі жайғасқан. Еске салсақ, бұған дейін Әділ Жалелов соңғы жинағын 2019 жылы ұсынған еді. Соған қарағанда, тыңдарман Скрипиді сағынса керек.

Ал ТМД-ға танымал музыканттың «Бэлмэйн» әні «iTunes»-тің топ үштігін түйіндеп тұр. Еске салсақ, хип-хоп орыдаушының альбомында жеке тректерінен өзге дуэтте орындаған туындыларды жетерлік. Мәселен, онда Feduk және «Сестры» тобымен орнатқан ортақ коллаборациялар бар.