Stella McCartney су жаңа коллекциясын ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сән әлемінің үздіктерінің бірі - Stella McCartney су жаңа коллекциясын ұсынды! Талантты дизайнер күз-қыс 2021\2022 топтамасын пандемияға байланысты өзге әріптестері сынды онлайн форматта таныстырды.

Stella McCartney бренді бұл жолы ашық-жарқын түстер арқылы аруларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағысы келгендей. Коллецияның басым бөлігі көк, күлгін, жасыл, сары түстерден құралған. Топтама гранж-глэм стилінде. Онда классикалық және спорттық үлгідегі образдарды байқай аласыз.

Күз\қыс топтамасы ұсынған дизайнер нәзік жандылар өз образдары арқылы көптің көңілінін аударуы тиіс деп деген ұстанымда. Сондай-ақ, Stella McCartney ұсынған су жаңа киім үлгілері 77 пайыз экологиялық таза өнімдерден тұрады.