«I go to school»! Дәл осы тіркес «Бизнес по-казахски» фильміндегі Еркошты еріксіз еске түсіреді. Нұрлан Қоянбаевтың картинасында жақындарынан адасып қала беретін жігіттің образы Рамазанның жұлдызын жаққаны сөзсіз. Тіпті, көпшілік Амантай-тегінің шын есімін әлі күнге дейін білмейтін көрінеді.
Рамазан Амантай, актер:
- Көбісі айтады Нұрлан Қоянбаев сенің паспортыңды тартып алған ба деп. Неге ешқайда түспейсің, рұқсат бермей ма деп. Бірақ айтамын, өзім таңдап түсемін киноға. Өзіме осы кісінің кинолары ұнайды.
Жахан Отарғалиевды да танымал еткен әзілқой-ақымақ жігіттің рөлі. Әсел Садвакасованың «Кино по-понятием» картинасынан кейін, актердың киногерлер арасында сұранысы артып, ганорары көбейген. Енді Жахан болашақта өзін түрлі жанрда сынап көрмек.
Жахан Отарғалиев, актер, әзілкеш:
- Қазақстандағы белгілі продюсерлардың 60 пайызы хабарласты ғой. Келесі жылға ұсыныстар білдіріп жатыр, кейбіреулеріне мен өзім барғам кезінде мені қабылдаған жоқ. Солардың өздері звондаған кезде мен кәдімгідей Аллаға шүкір деп қаламын да.
Асқар Ілиясов бүгінде киногерлер арасында ғана емес, сұлулар арасында да сұраныстағы сымбатты серілердің бірі! Ал өнер өкіліне мұндай мүмкіндікті сыйлаған Баян Алагөзованың «Станция судьбы-2» мелодрамасы. Бүгінде жас актердың болашаққа құрған жоспары жетерлік.
Асқар Ілиясов, актер:
- Мен болашақта қазір осы шекара ашылсын, Ресейге барып жүрем спектакль ойнап. Спектакльдерім бар. Кино туралы қазір бір жобаны ойластырып жатырмыз, агенттікпен екеуміз. Мүмкін баратын шығармыз.
Асылхан Төлепов көпшілік үшін әлі күнге дейін «Сартай батыр». Актер «Жау жүрек мыңбала» туындысынан кейін, тек тарихи ғана емес талай туындыларда басты рөлді сомдап келеді.
Асылхан Төлепов, актер:
- Осы соңғы экранға шыққан фильмдерім «Финансист» және «Көкпар» туралы фильм. Қырғызстанда «Көк бөрі» деп шығарды. Енді ол фильмдердің мағынасы бар, айтар ойы бар.
Сондай-ақ, «Томирис» лентасында Тұмар патшайымды сомдаған Альмира Тұрсын да бір рөлмен-ақ бағы жанған жұлдыздар қатарында.