Махаббат- кино! Ақбота-Нұр түсірілім алаңында сезімі селт етіп, бастан кешірген хикаясы жайлы бейнебаян таспалады. Экс-Кешьюлік әнші су жаңа туындысына өзінің өткен өмірі негіз болғанын мойындайды.
Ақбота-Нұр, әнші, актриса:
- Иә, өзімнің өткен өміріме, сол болашақ жарымды, жолдасымды кинодан кездестіремін деп мың ұйықтасам да ойлаған жоқпын. Сол себептен ол да бір түрткі осы әніме. Кино, махаббатымыз өміріміздегі болған жайт.
Алайда бұл киноның сюжеті мүлде бөлек. Басты рөлдегі сері де – Дәурен Айдарқұлов емес. Әншінің мұндағы ғашығы – актер Еркебұлан Тоқтаров. Ақбота Еркебұланды инстаграм арқылы көріп қалып, өзі таңдау түсірген. Ең қызығы, режиссер да басты рөлді тек Тоқтаров сомдайды деп, ойлары бір жерден шыққан екен.
Ақбота - Нұр, әнші, актриса:
- Маған осы жігітті тауып беріңдер, атын да білмеймін затын да білмеймін. Сөйтіп Русланмен жолыққан кезде Осындай Еркебулан Токтар деген жігіт бар, актерлық шеберлігі өте мықты, камера алдында ұялмайды, екеуіңнің түр- келбеттерің келеді , осы жігітті алайық деп суретін көрсетті.
Бейнебаянда Ақбота мен Еркебұлан Голливудтың танымал картина кейіпкерлерінің образында. Олардың қатарында «Леон», «Лала-ленд», «Ұлы Гетсби» фильмдері бар. «Ғашықтарды барынша шынайы сомдауға тырысамыз», - деген өнерпаздар, тіпті клиптен соң өздерін жұрт қосатынына да дайын екен.
Ақбота - Нұр, әнші, актриса:
- Енді Еркебұланды қосады дегеннің өзінде қоспайды деген күннің өзінде де халық өзі қосады. Сосын ажырастырып алады. 05-30 басында коментарийлер болады, екеумізді қосады жаңағы. Енді жас жігіт емес қой басы бар шығар, ойланасың ғой.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
- Халық түсінбейді ғой, оның съемка екенін, біздің жұмыс осы әркіммен қосыласың сценарий бойынша. Оны халыққа әңгіме керек, сол әңгімені өрбітіп, ары қарай жалғастырып. Мен оған дайынмын, енді мен актер болғаннан кейін ондай мәсәлелелерге дайынмын.
Айтпақшы, клипте сондай-ақ әншінің ұлы Ибрахим де бой көрсетпек.
Ақбота-Нұр, әнші, актриса:
- Кішкентай бала рөлге керек болғандықтан енді өзімнің балам енді мені таниды, менің жанымда күнде болады, енді баламның тәжірибесі жоқ, бірақ енді бүгін менің бейнебаянымда бір 30 секундтық рөлді сомдайды.
Ал интригаға толы бейнебаян көп ұзамай көрермен назарына ұсынылмақ.