Жахан Отарғалиев Балжан Бидашқа қанша мың теңгелік жүзік сыйлағанын айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жахан Отарғалиевтың Балжан Бидашқа тұрмысқа шығуға жасаған ұсынысы көпті таңқалтқаны рас! Актер Түркияны аралап жүріп, зергерлік дүкеннің алдына келгенде экс-Кешьюлік бикешке тосыннан сақина таңдауын сұраған.

Жахан & Балжан, жұлдызды жұп:

- Мен жүзік сыйлаған кезде мен андай отыра қалып, «я тебя люблю» свечкалар жағып, үйтіп ешнәрсе істеген жоқпын. «Бағасына қарама, таңда», - дедім, өзі қарап тұрып таңдады. Оның қолындағы жүзік где-то 70 мың теңгедей тұрады.

Алайда, Жахан сақинаның бағасы маңызды болмауы керек екенін алға тартады. Себебі, ғашықтар үшін неке жүзігінің емес, арадағы сезімнің құны қымбат.

Жарқынай Ханайым мен Айдар Асқарбек болса: «Жүзікпен емес, жүрекпен біргеміз», - дейді. Өйткені отағасы әнші жарының рұқсатымен сақина тағудан бас тартқан. Есесіне, Жарқынай: «Көп қыздар сияқты бағалы жүзікті армандаған жоқпын, жарымның таңдағаны мен үшін бәрінен қымбат»,- деп қайырды.

Жарқынай & Айдар, жұлдызды жұп:

- Айдар ашып саған ұнады ма деп сұраған кезде шынымен маған ұнады, жаңағы тастары да өте қымбат және қатты кішкентай емес, қатты үлкен де емес. Маған көңіліме дөп түсті.

Ал өткен жылдың соңында отбасылы болған Дархан Жолшыбеков пен Дарикорн, тіпті неке жүзігін таңдап бас қатырмаған. Желі жұлдыздарына маңызды сыйлықты Дарханның туыстары тарту еткен.

Дархан & Daricorn, жұлдызды жұп:

- Біз бұны өзіміз таңдаған жоқпыз, бұл сыйлық болды. Менің үлкен әпкемнің балалары сыйлық ретінде берді. Біз бағасын білмейміз. Бірақ бағалы деп айтты енді. Зато әдемі ғой, иә?