Шоу-бизнестегілер жеке өміріне қатысты ақпарат сататыны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жеке өмірім жайлы ақпарат сатамын! Ресейлік шоу-бизнес өкілдері отбасында болып жатқан жағдайды гонорар үшін жұртқа жария етуге әзір екені белгілі болды.

Дегенмен, Малаховтың сөзінше карантин кезінде эксклюзивті ақпаратқа сұраныс азайған. Соған қарамастан, Андрей: «тың тақырыптарды бірінші болып талқылау үшін қаражатты аямаймын», - дейді. Мысалы, марқұм әнші Валентина Легкоступованың күйеуі 300 мың рубльға өміріндегі тың мәліметтерді Малаховқа сатқан.

Андрей Малахов: «әлеуметтік желі бүгінде ТВ бағдарламаларға бәсекелес болды», - дейді. Мәселен, жылдар бойы сұхбатқа көндіре алмай келген жұлдыздарға, «Clubhouse» платформасы үлкен соммада ақша төлеп, Малаховтың алдын орап кетеді екен.

Лера Кудрявцева да, өзінің «Секрет на миллион» бағдармасына келген жұлдыздар гонорар алатынын ашып айтқан-ды. Инсайдердердің мәліметінше, бүгінде эксклюзивті сұхбат құны 200 мың мен 500 мың рубль шамасында бағаланса, жұрт естіміген ақпаратқа 50-100 мың рубль төленеді екен.