Жұлдыздар жалған жарнама жасай ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде қай танымалды алып қарасақ та, парақшасында кем дегенде аптасына бір рет жарнамалық пост салады. Десе де, қалтаны қалыңдатудың бұл әдісін қолдамайтындар да табылды. Соның бірі - «Ринголық» Данияр Өтеген кей әріптестерінің дүкенге айналған аккаунттарын сынға алды. «Өнерім үшін жазылған оқырманның маған деген сенімі маңызды», - деген ол жарнама жасамауға тырысады.

Данияр Өтеген, «RINGO» тобының әншісі:

- Жалпы жарнамаға қатты жақын емеспін және де шынымен енді саған келіп жазылып жатқан адамдар олар сенің шынымен де сөзіңді тыңдайды. Сондықтан да оларға кез келген нәрсені тыға берсең ертең сеніміңді жоғалтасың.

Каliya да Даниярды қолдайтынын айтты. Әншінің пікірінше, жарнаманы сауатты жасай алайтындар аз. «Жөн-жосықсыз тауарды мақтап салған посттар адамды шаршатады», - дейді Каliya.

Kaliya, әнші:

- Өзім сенбейтін нәрсені салмаймын, өзім пайдаланбайтын нәрсені реклама жасамаймын және өз парақшамды рекламный бір страница есебінде көрмеймін.

Соңғы кездері қызықты вайндарымен қуантып жүрген Жұлдызай Дүйсенбиева өзі тұтынып көрмеген дүниеге жарнама жасамайтынын айтады. Актриса: «Тауарың барынша сенімен байланысты болуы керек», - деп санайды. Мәселен, өнер иесі күнделікті өмірде боянбайтындықтан, оның парақшасынан косметикалық өнімді байқай алмайсыз.

Жұлдызай Дүйсенбиева, актриса:

- Миллион төлеймін десе де отказ беремін. Жоқ, керегі жоқ деп өйткені өмір деген өтіп кетеді, бірақ абырой деген қалу керек, сондықтан көп нәрседен бас тартатыным рас.