«Музыка әлемнің ортақ тілі», - деп, шығармашылығымен әлем тыңдарманын байланыстырып жүрген сөзсіз Димаш Құдайберген. Бүгінде шартарапқа аты жайылған әнші өзінің кумирі Лара Фабианмен бір сахнада өнер көрсетіп, француз тілінде «Ti amo cosi» әнін орындаған болатын. Одан бөлек, Құдайберген-тегінің Ресейлік композитор Игорь Крутоймен каллоборациясы сәтті деп айта аламыз.
Ресейлік әріптестері арасынан мүдделесін тапқанның тағы бірі - M’Dee. Мәди Тоқтаровтың шығармашылығына қызыққан Zivert, ортақ трек жазуға өзі ұсыныс білдірген. Бұл шығармашылық тандемнің нәтижесінде трендттерден түспеген «Двусмысленно» трегі дүниеге келді.
Zivert, әнші:
- Мен үшін M’Dee-дің музыкасының орны ерекше. Себебі, M’Dee-дің дауысы заманауи бағыттағы менің сүйікті тембрімнің бірі.
Нью скул әншілер арасынан тыңдарман аудиториясын кеңейтіп үлгерген жалғыз Мәди емес. The Limba Украиндық Андромен бірлесе «Х.О» әнін ұсынып, трек 2020 жылдың хиты атанған-ды. Одан кейін отандасымыз
Егор Кридпен «Coco L'Eau» атты туындыны жарыққа шығарды.
Индира Еділбаева кезінде репидтен түспеген «O-Zone» тобының әншісі Дан Баланмен дуэт орнатамын деп еш ойламағаны анық! «Голос Украины» жобасында Данның көзіне түскен ол, «Монардо студиос» лейблының әншісі атанып, молдовандық орындаушымен «Дышат о любви» трегін ұсынды. Индидің сөзінше, бұл ерек коллабтардың бастамасы ғана екен.
Индира Еділбаева, әнші:
- Иә, әрине коллаборациялар болады. Бірақ әлі айта алмаймын кіммен, көре жатармыз.
Аудиориясының ауқымын кеңейту Ninety one-дықтардың бүгінгі басты мақсаты! Талай батыстық БАҚ-қа сұхбат беріп, есімін әйгілеген ұжым шетелге танылсақ дейді. Әзірге жігіттер Оңтүстік Корейлік «Mamamoo» гелзбендімен фит жазып үлгерді.
«Ninety One» тобы:
- «Mamamoo»-мен фит жазып тастаған болатынбыз. «Girls Like You» деген трек, одан кейін олардың атынан «Man Like You» деген екеуінің қосындысы. Бірақ алайда карантиннен болып бәрі бұзылып қалды олар бізге қалай запиське келе алмай қалды, сол студия бәрі жабық болып қалды ғой карантинде, біз барайық десек бара алмай қалдық сүйтіп жаңағы фит кішкене шегеріліп қалды.