Үздік дуэт жасаған әншілер кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ninety One» мен Ирина Кайратовнаның «Taboo» трегі дәл осы жылдың сөзсіз хиты десек артық айтпаспыз. Қос ұжым бірігіп орнатқан коллаборация youtube платформасында 1 айда 3 млн-ға жуық қаралым жинаса, трек жарық көре сала iTunes чартында бірден көш бастаған еді.

«Ninety One» тобы:

- Бұл өлең келеді ИК-мен жазуға. Кәдімгі бізде андай бір симбиоз мүмкіндігі бар, өйткені ол өлеңнің характері андай түсінесіздер өздеріңіз шыққан кезде. Бұл өлеңнің тақырыбы характері екі командаға, 2 командадан да өзінің резонациясын алып отыр.

Мәди Рымбаев та осындан 1 жыл бұрын Bonapart-пен коллаборация орнатып, алғаш рет iTunes-та топ жарған еді. Роза Рымбаеваның кенжесі бұл дуэтты жазу үшін Бонаға ұсынысты өзі тастаған. Еске салсақ, трек «Жыл таңдауы» марапатында үздік деп танылды.

Мәди Рымбаев, әнші:

- Менің есімімді iTunes-та бірінші рет көрдім. Енді шыны керек жасыратын ештеңесі жоқ. Бонапарттың аудиториясы үлкен және менікінен де үлкен. Өйткені оның да неше түрлі, хиттары бар өзіңіз білесіз. 70 пайызы, сол Бонапарттың аудиториясы.

Жас әнші 2RAR да сәтті дуэт құру арқылы тыңдарман арасында кеңінен танылды. Мәдина Сәдуақасованың «Махаббат жалыны» трегіне қайта дем берген өнерпаздың бүгінде жастар ғана емес, аға буын өкілдері арасынан да аудитория қалыптастырған.

2RAR, әнші:

- Менің поколениям үшін Мадина ханым деген, білмеймін біздің кездің секс-символы ғой если можно так сказать. Сондықтан ол бала кездегі арманым мен үшін.

Нұржан Керменбаев алғашқы орыс тіліндегі әнін Адиль есімді орындаушымен бірге шырқаған еді. Эстрада жұлдызы тіпті жас әншімен «В сердце» композициясына бейнебаян таспалап үлгерген. Нәтижесінде, Қара бала жастар араында да сұранысқа ие болған-ды.