«Супербоул» хэдлайнері атанған The Weeknd 25 мың көрермен алдында бірнеше сағат бойы тоқтаусыз өнер көрсетті. Сахнадағы орындауы мінсіз шығуы үшін, әнші қалтасынан қаржы шығаруға да әзір болған екен. Кештегі керемет шоу әзірлеуге қосымша 7 миллион доллар қосқан ол мойнына артылған жүкті үлкен жауапкершілікпен сезінгендей.
2020 жылдың хитмені бұл концертте де «After Hours» бейнебаянындағы образымен қош айтыса алмаған. Кеште әсіресе дәл осы кейіптегі The Weeknd-тың жүздеген егізінің төбе көрсетуі халықты таңқалтқандай. Еске салсақ, «Givenchy» бренді музыканттың алқызыл түсті бұл костюмін әзірлеу үшін 250 сағат жұмсаған көрінеді.
The Weeknd алдында жанкүйерлер үшін Майли Сайрус пен Билли Айдол да өз өнерін ортаға салған еді. Спорт сүйер қауым алдында тақырыпқа сай киініп келген әншіні тіпті тыңдарман черлидер деп ойлап қалған.
Ал күллі америкалықтар үшін ауқымды оқиғаға айналған ойынның шымылдығын түру Али́ша Киз, H.E.R. Jazmine Sullivan мен Eric Church-тың өзіне сеніп тапсырылды. Спорттық сайыс бұл жолы да тартысқа толы болды. Нәтижесінде АҚШ-та Ұлттық футбол лигасының осы маусымдағы финалдық кезеңінде «Тампа-Бэй Бакканирс» командасы «Канзас-Сити Чифсты» 31:9 есебімен жеңіп шықты.