Карантин көп адамды «блогерге» айналдырып жіберген кезең болды. Әсіресе әртістер қауымы, интернеттің оң тетігін тауып, талай пайдаға кенеліп жатты. Мәселен, желі жұлдызы – Дарикорн уақытының біраз бөлігін, тиктокқа жұмсайды екен. «Оның зиянынан, пайдасы көп», - дейді ол.
Дархан & Дарикорн, жұлдызды жұп:
- Минусы ол көп уақыт алады. Ал, плюстары өте көп, неше түрлі движениялар үйренесің, әр түрлі прикольный видеолар көресің, соларға қарап настроенияң көтеріледі. Олар бірдеңе түсіріп жүргеннен кейін, «а че мен түсірейін» деп шығасың.
Асабалығы арқылы отбасын асырап жүрген Елдос Колобок карантин кезінде желіде белсенді бола түскен. Блогер атанған әзілкеш инстаграм табыс көзіне айналғанын жасырмайды. «Той тоқтаған соң, осылай күн көреміз», - дейді ол.
Елдос Қадырханов, асаба:
– Елімізде болып жатқан, жалпы елімізде емес әлемде болып жатқан үлкен дерт – короновирус. Соның кесірінен біз енді постоянно «Қазақтың тойы бітпесін» деп жар салып, шырылдап жүруші едік. Енді өкінішке орай той да тоқтады, той ғана емес жалпы әлем бойынша бүкіл движение тоқтады.
Осылайша Елдос: «Қажеттіліктен әлеуметтік желіде отырамын»,- дейді. Ал «Ринголық» Әділжан Умаров болса, желіге жіпсіз байланғанын мойындайды. Әнші телефонға телміремін деп, күнінің қалай өтіп кеткенін байқамайтын жағдайға жеткен. Инстаграмға тәуелділігі артқан ол, смартфонына интернеттен шектейтін арнайы қосымша да орнатыпты.
Әділжан Омаров, әнші:
- Бір уақыттары қарасам енді инстаграм дегенге 4-5 сағатым кеткен екен. Ол жерде сонша уақыт не істеймін деп, лимит деген нәрсе қойып қойдым. 1 сағат күніне.