Елімізде ерекше театр құрылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қойылым алдында бас режиссердің өзі көрерменге орын дайындаса, декорацияны актерлар өз қолымен әзірлеген. Бұл театрдың ерекшелігі де сол, еркін формат арқылы жас өнерпаздардың шығармашылығын шыңдап, елге таныстыру. Жаңа жоба – «Start Drama» лабораториясы деп аталады.

Фархат Молдағали, режиссер:

- «Start Drama» театр лабораториясы болғандықтан, біз жаңа нәрселерді іздейміз.00.45 Бұл жобаның ерекшелігі 7 жас драматургтың 7 пьесасын алып, 7 жас режиссерге қойдыру. Өйткені қазіргі заманда тетар өнерінде мүлде жас драматургтердің спектакльдері, қойылымдары қойылмайды.

Жаңашылдыққа жаны жақын Фархат Молдағалидың бұл бастамасы «Ozge epic» өнер кеңістігінің қолдауымен жүзеге асып отыр. Ең алғаш болып тың театрда тұсауы кесілген тырнақалды туынды - «Анашым, туған күніңмен» атты қойылым. Спектакль авторы – Әлішер Рахат.

Нұрбол Құмарша, актер:

– Бұл қазіргі қоғамда, қазіргі өмір, қазіргі заман. Әрбір отбасы демесем де, қазір көп отбасында болып жатқан жағдай. Көптен бері біз кездеспей 3 ағайынды, анамыздың 50 жасына келіп қауышамыз, сол оқиғаның бәрі содан басталады.

Фархат Молдағали, режиссер:

- Қазіргі замандағы қиыншылықтар мына 3 ағайындының күйбең тіршіліктің арқасында бір-бірінен алыстап бара жатқан, бір-бірін ұмытып бара жатқан, аналарынан алыстап қалған сол көрсетіледі де. Қазіргі заманда қазіргі заманның проблемасын айтатын жер жоқ. Сондықтан біз осы жерді сондай қылып қалыптастырғымыз келеді.

Қойылымда көзіне жас алып, айтылған әр сөзді тебірене тыңдағандар арасында майталман актерлар да болды. Мәселен, жас өнерпаздардың шығармашылығы Рахман Омардың өзін таңқалтқандай.