Биылғы «Қызық премияның» қызықтары қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мадина Дәулетқызы, тілші:

–Мына мүсінше өнер өкілдерінің жеткен жетістігіне емес, керісінше кемшіліктеріне табысталатын еліміздегі жалғыз жүлде. Алайда, соған қарамастан мәртебелі марапатты еншілеу әр әртістің арманы! Сонымен, биыл бұл статуэтка кімге бұйырар екен?

«Қызық премия» марапаты, биыл да әртістерге ерек атақ еншілетіп, жиналған жұртты күлкіге қарық қылды. Көңілді кеште бірінші болып Жахан мен Балжан сахнаға шақыртылды. Жұлдызды жанұя көптің дауыс беруімен «Жыл жұбы» атанса, Айқын мен Дәурен кешьюлік жаңа бажаларына ән арнады.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

– Енді өнер көрсеттіңіздер, енді қатарларыңызға Жахан Отарғалиев қосылып отыр. Қосылып бір топ құру лойларыңызда бар ма болашақта?

– Үшеуіміз де актермыз, үшеуіміздің ән айту жағынан да шеберлігіміз бар. Сондықтан, кино саласында бір ән айтып қалуымыз әбден мүмкін.

Қысқасы, туысқан атанған үштік келер жылы су жаңа ортақ туынды ұсынуы көздеп отыр.

Серік Ибрагимов болса, бұл кеште «Плагиат» номинациясын Нұрболат Абдулинге табыстады. Нурбуллиннің Сара Амангелдімен шырқаған дуэті «жиендік жасалаған тректердің» ең алды.

Серік Ибрагимов, әнші:

– Енді сізді «Плагиат майталманы» деп жатыр екен. Келісесіз бе?

– Әлбетте, бұл салада еңбегім сіңді деп ойлаймын. Себебі, менің айтқан әнім халыққа жақсы таралып, елдің құлағына ілінді деп ойламын. Әлі де еңбек етіп келе жатырмыз.

– Жалпы бұл жылы жиендік жасап, қанша әнді жарыққа шығардыңыз?

– Плагиат жазғанжоқпын биыл. Себебі алдында жазып қойған багажым жетеді.

Салтанатты кеште авторлық әндерімен трендттен түспегендер де назардан тыс қалмады. Раим мен Артур «Ана» бейнебаянымен «Жыл клипы» жүлдесін қанжығаларына байлады.

Айтпақшы, бұл жылы жұлдыздар арасынан камера алдында кешірім сұрап, өз ісіне өкінгендер көп болған-ды. Соның бірі – Ернар Айдар «Боп тұрад» аталымының иегері.

Қысқасы көңілді кеште, елді елең еткізгендердің бәрі құр алақан қалмады. Ал марпатты еншілей алмағандар, өз-өздеріне марапат тағайындап, келер жылдан үмітті боп қайтты.

Әйгерім Қалмұратова, актриса:

– «Жыл хайпы» дейтіндей ешқандай хайп болған жоқ менде. Бірақ «қылықты қыз» деген номинация болса, алатын ба едім мүмкін.

Мейірхан Шерниязов, сценарист, актер:

– Маған «Жыл сценаристі» деген номинация берсе өте қуанышты болар едім.

Мейіржан Түребаев, актер:

– «Ең үздік әке»?

– Иә оны қолдаймын. «Ең үздік әке».

Жоба ұйымдастырушылары өз кезеңінде, «үздіктерді» анықтау оңайға соқпағанын айтады.

Еркебұлан Мырзабек, ұйымдастырушы:

Қандай номинация бойынша, жеңімпазды анықтау қиынға соқты?

– Жеңімпазды анықтау ең қиын номинация «Плагиат» номинациясы. Талас. Кейде өз арамызда ұрсысып кетеніміз бар, мынаған берейік деп.

– Биылығы «Қызық Премияның» ерекшелігі қандай?

– Өкінішке орай, көрерменсіз өтеді. Сондықтан, ерекшелігі сол шығар деп тұрмын.

– Сіз тағы бір ерекшелікті ұмытып кеттіңіз. НТК арнасынан көрсетіледі ғой.

–Ол ерекшелік емес ол жаңалық. Ең бастысы біздің қызық премия НТК арнасынан көре аласыздар. Жаңа жылда. Ең мықты ерекшелік, біздің президентіміздің құттықтау сөздерінен кейін.

Олай болса, «Қызық премиядан» қапы қалғандар жаңа жылда НТК арнасын қосып, көңілді кешті тамашалай алады!