Ариана Гранде тұрмысқа шығады!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ариана Гранде тұрмысқа шығады!» деген жаңалық желі оқырмандары мен жұлдыздың жанкүйерлерін қатты таңғалдырғаны сөзсіз. Ариана Далтон Гомеспен биыл наурыз айынан бері көңіл жарастырып жүрген екен. «Жылжымайтын мүлік» бизнесімен шұғылданатын Далтон, Арианаға Лос-Анджелестен үй сатқан көрінеді. Содан екеудің таныстықтары, махаббатқа ұласқан. Тойдың қай уақытқа жоспарланғанын, Гранде мен Гомес құпияда ұстап отыр.

Голливуд жұлдыздары жаңа жылға қандай сыйлық күтеді? Бұл көпке қызық сұрақ екені сөзсіз. Мәселен, ерекше дүниелерді ұнататын – Уилл Смит селфи таяқшасын армандайды екен. Актер бұл жайлы соңғы сұқбатында айтқан. Ал Дженнифер Лопес болса, жібек тысты жастықтары жақсы көретін болып шықты. Ханшайым Меган Маркл жары ханзада Гарридан жағажайда киетін, жаздық шляпалар алып беруін өтініпті.

Ал Филипп Киркоров жаңа жылға сыйлық таратуды бастап кетті! Ресейлік жұлдыз барлық достары, туыстары мен таныстарын шақырып, оларға арнайы спектакль қойып берген. Айтулы шарада Киркоров, хит болған «Шахмат» мюзиклын ұсынған. Көрерменнің арасында: Лолита, Жасмин, Ани Лорак, Ирина Безрукова сынды жұлдыздар болды.