Елімізде авторлық музыканттардың басын қосатын «Jangyryq» лейблы құрылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Jangyryq – ÓzgeEpic өнер кеңістігінің 2018-ден бастап жүзеге асып келе жатқан музыкалық жобасы. Оның аясында осы күнге дейін 24 авторлық орындаушының live концерті түсіріліп, көрермен назарына ұсынылған еді. Енді міне, талай жас әншіге мүмкіндік береген Jangyryq жобасы лейбл ретінде құрылып отыр.
Тоғжан Құрманжанова, ұйымдастырушы:
- Жаңғырық жобамыз жас әншілер үшін, жас авторлық әншілер үшін үлкен сахна болды. Біз оларды қолдағымыз келеді. Жаңғырық жобасы аясында біз стримингтік платформаларға жанды дауыстағы заманауи қазақ музыкаларын үнемі онлайн жариялап отырамыз. Радиомыз бар, радиомыз 24 сағат үздіксіз жұмыс істейді.
Су жаңа лейбл күні кеше өзінің тырнақалды «Magjan & the Qoltrayn» жобасын ел назарына ұсынды! Өзіндік ерекшелігі бар талапты жас орындаушы «SHYN JUREKTEN» атты альбомының тұсауын кесті.
Magjan, музыкант:
- Былтыр Жаңғырық жобасында видео лайф жазып өнер көрсеткен едік. Сосын альбом шығарар кезде альбомымды жай өзім шығара салмайын деп, ақша үшін емес өздері өнерге қызығып мысалы сондай лейбл болса деп осы Жаңғырық, сол бірге бағыт тауып, шығарып жатырмыз.
Мағжан мамандығы бойынша заңгер. «Әуесқой музыкант болсам да, өнерім өмірімнің бір бөлшегіне арналды», - дейді ол. Мағжан өзінің шығармашылығын «инди-рок» бағытына жатқызады.
Magjan, музыкант:
- Өзіміз үйреніп, шетелдің жанрларын, шетел әртістерін тыңдап, ол жақта басқа музыка барғой, қызық. Соған қызығып, соны қазақ тіліне әкеліп. Көбісі мүмкін даже естімеген шығар. Соны қазақ тілі арқылы өзіміздің адамдарға таныстырып.
Талай талантты жас орындаушының танылуына мұрындық болған Jangyryq жобасы мұнымен тоқтап қалмақ емес. Ауқымын кеңейткен лейбл болашақта тағы да жаңа орындаушыларды таныстырмақ.