Шоу-бизнес өкілдері арасында жанкүйерлерінің ыстық ықыласынан шаршайтындар да жетерлік. Мәселен, Баян Алагөзова өзімен ыңғайсыз уақытта суретке түсуге таласатындарға наразы. Продюсер: «Фанаттар кейде біздің де жеке өміріміз бар екенін ұмытып кетеді», - дейді.
Баян Алагөзова, продюсер:
- Тәрбиесіз кісілер келеді, отырып алады. Сотканы алады да, кешірім сұрамай, сэлфи жасайды. Осындай жағдайлар болады. Сол кезде мен айтамын: «Кешіріңіз, мен демалып отырмын», - деп.
«Ринголық» Әділжан Умаров болса, кезінде фанаттарының кесірінен апта сайын телефон нөмірін ауыстырғанын айтады.
Әділжан Умаров, «Ринго» тобының әншісі:
- Суперстардан соң мазалайтындар көбейген еді. Тіпті телефон нөмірімді жиі ауыстыруға тура келетін. Соңғы жылдары оның бәрі басылды.
Сахнада жарты ғасырға жуық өнер көрсетіп келе жатқан эстрада Примадоннасы болса, жанкүйерлерге өзін сыйлатудың жолын жақсы біледі. Роза Қуанышқызы: «Мәдениетсіздік орын алса, ешкімнің көңіліне қарамаймын»,-дейді.
Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі:
- Бұл мәдениетсіздік деп санаймын. Жалпы әнші ән айтып тұрғанда, оның әнін тыңдау керек қой. Жоқ желкеңе де мініп алып, алдың да тұрып алып, сенің әнің емес, фотоға түсу керек болып тұрады. Мен кейде әнді тоқтатамын да айтамын не суретке түсейік, не ән айтайық.
Халық әртісіне қарағанда, «Музарттық» Сәкен Майғазиев жанкүйерлеріне келгенде жұмсақтық танытады. Өнер иесі: «Қанша адам болса, сонша түрлі мінез бен махаббат бар, бәрін түсініп, позитивпен қабылдауға тырысамын»,- дейді.
Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:
- Енді мені солай жақсы көреді деп қабылдаймын да, болды. Мені жақсы көрмесе, ол менің қасыма келмес еді. Кейбір адамдар болады жұлқылап жақсы көреді. Құшақтап, қылқындырып. Оның барлығын мен дұрыс қабылдай аламын.