Тұңғышынан мұндай тосынсый күтпеген әншінің анасы қуаныштан көзіне жас алды. Ал Садраддин жақынының бақытын еселей түсу үшін бұл күндері пәтердің ішін жиһазбен толтыруға кіріскен. Мәселен, әнші күні кеше жаңа тоңазытқыш алып, онысы үйінің есігінен сыймай, қызыққа батты. Одан бөлек, өнерпаздың шаңырағына алғашқы қонақтар келіп, көк қағаздан көрімдік берді.
Ақбота Нұрдың имиджі тағы ел талқысында! Таяуда ғана хиджап киген әншінің мына видеолары желіде тарап кетті. Ақботаның образын уақытша өзгерткені оқырмандарға жақпауда. Сылқымның имиджінің тағы өзгеруіне не себеп? Әзірге бикеш бұл сұрақтарға жауап беруге құлықсыз. Тіпті, ол инстаграмдағы пікір жазу тетікшесін өшіріп тастаған.
Say Mo да өз образымен фалловерлерін таңқалтқандай! Әдетте, ашық-шашық киімдерімен көзге түсетін сылқым, сырға салу рәсімінде ұзын көйлегімен жұртты тамсандырды. Адуынды рэперді «келін» болмысында көрген жұрт жарыса пікір қалдыруда. Шакентидің сүйіктісі болса, оқырмандарына: «Сырғаны құлағыма емес, мұрныма тақты», - деп қалжыңдады.