Сағат тілі 12-ні көрсеткеннен бастап, жақындарынан құттықтау алған Дарикорн туған күнін ерекше қарсы алды. Алайда қуаныштағы тосынсый бұл ғана болмады. Дариғаның сүйіктісі достарын жинап, үйленуге ұсыныс жасады. Тікұшақ, қызыл кілем мен раушан гүлдер. Дәл осылай маңызды сәтті ерекше етіп ұйымдастырған бизнесмен Дархан Жолшыбековке сылқым: «Иә», - деп жауап берді.
Көптен бері үлкен сахнадан көрінбей кеткен Ерден өз тыңдарманын жаңа бейнебаянмен қуантты. Жақсыбеков өзінің алғашқы туындыларының бірі – «Жұмбақ бағым» әніне араға жылдар салып, енді ғана клип таспалады. Бейнебаянда басты рөлді актриса Гүлбахрам Байбосынова мен әншінің тұңғыш ұлы Бахтияр сомдаған. Ерденнің шығармашылығын сағынған жұрт өнерпазға әндерімен қуанта беруін сұрауда.
Карантиннен кейін Сәкен Майғазиев та шығармашылығына қайтадан кіріскендей! Өнер иесі су жаңа «Білсең болды» атты трегін ұсынды. Туындының әнін Бек Бориев жазса, сөзі Серікзат Дүйсенғазиндікі. Әсем дауысты Майғазиевтің кезекті лирикалық трегі көптің көңілінен шыққаны анық.