«Сапалы туынды көргің келсе, ақылы платформаға жазыл!» Қанат Бейсекеев дәл осылай дейді. Талай документалды фильм таспалап жүрген жас режиссер, «Netflix», «Disney» сынды стримингтік сервистер отандық кинонарыққа жетіспейтінін алға тартады. Кананың айтуынша, елімізге шетелдік емес, кино көретін қазақстандық қосымша қажет.
Қанат Бейсекеев, режиссер:
– Мен бұрыннан бері тек ақылы платформалардан кино көремін, музыка да, фотошоп та тегін емес. Себебі қазіргі заманда бәрі сапалы дүниені қалайды. Уақыт өзгерді, сондықтан халық та ондайға үйренді.
Таяуда ғана киноиндустрияға қадам басқан Тимур Бақтыбаев болса: «Мұндай платформаларға отандық көрермен ақша төлеуге дайын емес», - дейді.
Тимур Бақтыбаев, продюсер:
- Голливудтық кинолар ия олар бүкіл дүние жүзінде шығады. Оларда ондай қорқыныш жоқ, неге себебі олар, бағанағы 7 миллиарда па халық, сол 7 миллиардты қамтиды да. Ал біздің киномыз тек қана 18 млн-ды қамтиды.
«Дәл бұлай шығыныңды ақтап ала алмайсың», - деген Тимур «Любовь на миллион» фильмін былтыр таспаласа да, карантин аяқталғанын күтіп, кинотеатрға ұсынған еді. Бақтыбаевқа тіпті су жаңа лентасын стримингтік сервиске сат деп өтінгендер де болған.
Тимур Бақтыбаев, продюсер:
- Қазақстанда ол платформа дамымаған. Негізі маған ұсыныстар болды. Осындай платформа ашып жатырмыз, қазақстандық салсақ қайтеді деп. Мен айттым сала алмаймын ренжімеңіздер, себебі бұл өз ақшаңа болғаннан кейін, бұны қайтару керек ақшасын.
Дәл осы «Любоь на миллион» комедиясының режиссері Олжас Ибраев та, стримингтік сервис кинотетарларды алмастыра алмайтынын айтады. Сондықтан да киногер сол ақшаға фильмді үлкен экрандардан көрген артық деп санайды.
Олжас Ибраев, режиссер:
- Мен негізі ондайға қрасымын мен өзім. Прокат премьерадан кейін болмаса, автокинотеатр болсын жаңа платный платформалар болсын, кинотеатрдың атмосферасына жетпейді. Кинотеатрда көрген ол өте бір бөлек дүние.
Еске салсақ, бұған дейін Баян Алагөзова кино көруге арналған ақылы платформа ашқан еді. Алайда, продюсердің бұл бастамасы ұзаққа бармады.