Мадина Дәулетқызы, тілші:
- Жеңісхан Момышев су жаңа картинасы арқылы сізге Мексикаға саяхат сыйлайды. Еске салсақ, бұл фильм үшін режисер күллі командасын ертіп Солтүстік Америкаға аттанған еді. Киногердің бұл ісінен не шықты екен? Дәл қазір білеміз.
Момышевты су жаңа картинасымен құттықтағандар көп болды. Тіпті олардың арасында Жеңісханның жары – Балнұр Қуантай да бар. Жұлдызды визажист премьераға енесі мен қызын ерте келген.
Ал киноға келген әр көрермен, сақтық шаралары туралы ұмытпады. Тұсауы жаңадан кесілген картина махаббаты үшін мұхит асқан Ерлан есімді жігіттің хикаясын баяндайды. Шетелге шыққан бас кейіпкер, жанындағы жолдасымен бірге түрлі қиындыққа тап болады.
Жеңісхан Момышев, продюсер, режиссер:
- Енді бұл фильмнің ерекшелігі неде деп ойлайсыз өзіңіз?
- Енді, «Базар жоқ Мексика» ерекшелігі сол Мексика, необычный актерлар, ойындар, жаңа актерлар жас талантты, экзотикасымен алады деп ойлаймын.
- Менің білуімше сіз осы фильміңіз үшін 30 сағат жол жүріп, күллі командаңызды апардыңыз.
– Біз осы жерден ең главный постановщиктарды өзімізбен бірге алып кеттік, қалған команданың бәрін Мексикадан алдық.
Осылайша, күллі түсірілім команда Солтүстік Америкада басы-қасы 27 күн тұрақтаған. Момышев жұмыс барысында қиындықтар болғанын жасырмайды.
Жеңісхан Момышев, продюсер, режиссер:
- Пустыняда жүргенде, онда жыланнан қорықтық. Специальный ботинкалармен жүрдік. Және бүкіл команда тамақтарын жей алмады, ол ашты тамақ, тако, енді 1 айдың ішінде өзіміздің бешпармақты аңсады ғой бәрі.
Дәл осылай туған жердің тамаған аңсағандар арасында Асқар Ілиясов, Олжас Абай мен Қажет Смағұл да бар. Актерлерге аталмыш лентада басты рөл бұйырған болатын.
Қажет Смағұл, актер:
– Енді мына фильмге келсек, сіздің рөліңіз қандай фильмде?
– Америкаға өтем деп, өте алмай, мексикада қалып қап, *Бірақ сол жерде махаббатын тауып, қалып қалған қазақтың жігіті туралы.
– Жаңа Жеңісхан айтып жатыр, тамақтан қиындық көрдік деп. Сіз қалай?
- Өте қиын болды тамақпен. Біз ана шемішкенің майына тамақ пісіріп үйреніп қалған, нанның бәрі бидайдан. Оларда бәрі кукурузадан, ұқпайсың дәмін. Мексика жалпы өзі тыныш емес жер, ерекше бір. Олар өлікке табынатындар ғой, кермет қорқынышты болды.
Есесіне, бұл іссапар Олжас Абайға майдай жаққандай.
Олжас Абай, актер:
- Бір жағынан демалыс ретінде, бір жағынан ел көру, басқа ел, басқа материк былайша айтқан кезде. Өте қызықты болды деп айта аламын. Аса қатты шаршауымыз, қиналғанымыз білінген жоқ.
Ал «Базар жоқ, Мексика» фильмі бүгіннен бастап, үлкен экрандарға жол тартпақ!