Майли Сайрус алаңдамауға шақырады! Әнші: «Соңғы жылда талай қиындықты бастан кешіріп, темір құрыштан қатты болып алдым. Енді ештеңе таңдандырмайды», - дейді. Нью-Йорктағы жеке клиникада жүйкесін емдеткен Майли, енді әлемді аралап, саяхаттағысы келеді екен. Сайрус «Skavlan» шоуында, емханада жатқан үш айдың ішінде өзіне 5 рет қол жұмсамақ болғанын айтып, жанкүйерлерін таңғалдырды. Поп-жұлдыздың өзі қазір бәрі жақсы екенін жеткізді.
Джонни Депп кино мансабын аяқтамақ па? Естеріңізде болса бірнеше ай бұрын, актер «The Sun» газетін «жала жапты» деп айыптап, сотқа берген болатын. Бірақ жақында сот шешімі Джоннидың өтінішін қанағаттандырмай, басылымды ақтап шықты. Депптің жеңілісінен кейін «Fantastic Beasts and Where to Find Them» фильмінің продюсерлері актердан бұл киноға түсуден бас тартуын өтінген. Джонни аталмыш фильмде басты рөлді сомдауы қажет еді. Енді өнер иесін «Грин-де-Вальд» образында көру ешкімге де бұйырмайды.
Кендалл мен Кайли Дженнер арасынан ала мысық өтті! Әпкелі-сіңлілі екеудің қатты араздасқаны соншалық, бір айға жуық бір-бірімен сөйлеспей қойған. Бәрі Палм-Спрингстағы отбасылық демалыстан қайтып келе жатқанда басталған. Сөзге келіспей қалған Кардашьян әулетінің еркелері, тіпті көлікте төбелесіп алыпты. Жеке аралдарында болған бұл жәйтті, олар жасырып қалғысы келген. Бірақ Ким соңғы сұқбатында журналистерге: «Кендалл мен Кайли шаршатты», - деп осы жағдайды айтып берген.