OPPO бренді Reno4 смартфондарының жаңа сериясын ел назарына ұсынды. Алайда онлайн өткен бұл презентация бұрынғыларға мүлде ұқсамады. Себебі, су жаңа смартфондарды таныстыруда Димаш Құдайбергеннің өзі ат салысты. Талантты әнші ОРРО-ның Қазақстандағы бренд-амбасадоры атанды.
Димаш Құдайберген, әнші:
- Мен үшін ОРРО-ның бренд-амбассадоры болу үлкен бір қуаныш. Себебі, біріншіден ОРРО әлемдегі ең үлкен брендттердің бірегейі. Сондықтан-да сіздің құрылғыларыңыздың өте сапалы екеніне сөз жоқ, дау жоқ. Өте қуаныштымын.
OPPO-ның бұл өнімдерін дәл Димаштың таныстыруы бекер емес! Себебі, жаңа смартфондар нағыз шығармашыл жандарға арналған. «Reno4 Pro» және «Reno4 Lite» - жаңа технологиялар жиынтығы. Қуатты процессор, 4 модульды камера, секундына 960 кадрмен баяулатып түсіру, яғни Slow Motion – ОРРО ұсынған мүмкіндіктердің бірі ғана. Ал гаджеттердің камерасы Димаш Құдайбергеннің өзін таңқалтқандай.
Димаш Құдайберген, әнші:
- Назарларыңызға ұсынайық. Міне, кешкі елордамыз. Бірақ суреттер ашық және жарық. Тіпті қараңғыда да селфи түсіруге болады. Міне, өздеріңіздің назарларыңызда бірнешеуі.
Reno4 смартфондарының жаңа сериясы «жұлдызды түн», «галактикалық қара» түстерінде ұсынылмақ. Компания өкілдерінің айтуынша, су жаңа үлгілердің жаңалығы бұл ғана емес.
Ботагөз Карибаева, ОРРО-ның Қазақстандағы маркетинг және бренд дамыту бөлімшесінің жетекшісі:
- Осы жолы біз пайдаланушының талғамы мен өмір сүру салтына сәйкес келетін шынайы және икемді бейміделген интерфэйс жасау үшін бұрын-соңғы болмағандай, Гуглмен тығыз жұмыс істедік. Біз жаңа колорест 11-ді керемет мүмкіндіктермен шығардық.
Ал дәл осындай жаңашылдыққа толы ОРРО ұсынған «Reno4 Pro» және «Reno4 Lite» смартфондары 16-қарашадан бастап сатылымға түспек.