Руни Мара мен Хоакин Феникс ұлды болды! Джокер – 1 жарым ай бойы жақсы жаңалығын жұрт назарынан жасырып келген. Ақыры актер сәбилі болғанын «People» журналына берген сұқбатында мойындады. «Өміріміз өзгерді. Қазір түсірілім алаңынан үйге асығып тұрамын. Бұрын керісінше еді», - дейді Хоакин.
Жақында ғана тұңғыш рет әке атанған – Джанлука Ваккидің қуанышы қойынына сыймай жүргендей! Күні кеше жары – Шэрон Фонсеканы перзентханадан шығарып алған ол карантиннің қатал талаптарына қарамастан, дүркірете той жасады. Өз үйінің бақшасын ертегідегідей безендірген «биші миллионер» Шэронға бар құрметті көрсеткен. «Шарлар мен төгіліп тұрған гүлдерді көргенде, өзімді «Дисней» ханшайымындай сезіндім», - дейді жас ана.
Хлое Кардашьян жүкті ме? Көктемнен бері, дәл осындай ақпарат интернет кеңісітігінде желдей есіп кеткен еді. Тілшілерге де, инстаграмындағы оқырманына да тұшымды жауап бермей жүрген Хлоены ел әлдеқашан ауыраяқтылар қатарына қосып қойған-ды. Бірақ күні кеше желіге жартылай жалаңаш, іші айқын көрінетін фотосын жүктеген ол барлық қауесеттерге нүкте қойды. Сылқымның жақын уақытты сәби сүйетін ойы жоқ екен.