Нұрлан Сабуров сынды болу, отандық әр блогердің арманы десек артық айтпаспыз. Ютубта миллиондаған қаралым жинап, қалтасын қалыңдату үшін желі жұлдыздары түрлі контент ұсынуға әзір. Тіпті бүгінде блогерлер ғана емес, шоу-бизнес өкілдері де жеке канал ашып, түрлі видео таспалауды қолға алған. Мәселен, Жұлдыз Әбдукәрімова қыздарға арналған лайфхак және кішкентай балалармен сұхбат ұсынған-ды.
Жұлдыз Әбдукәрімова, актриса, тележүргізуші:
- Менің шығарып жатқан бала мен ананың қарым қатынасындай дүниелер болмағандықтан осы ой маған келді. Бірі ойлар- атақ қуған деп, бірі ойлар- табыстың көзі деп. Жоқ, ол ешқандай табыс көзі де емес, атақты шығару да емес.
Алайда, Қайрат Нұртастың жары бүгінде ютубта контент ұсынуды сиреткен-ді.
Есесіне, блогерлер бұл орайда белсенді. Солардың бірі – Ахон есімімен танылған жас вайнер. Бүгінде ол автоблогинг пен пранк жасау арқылы аудиториясын күннен-күнге кеңейтуде.
Ахон Бержан, блогер:
- Менің ютубпен айналысқаныма 3-4 жыл уақыт болды. Негізі ютуб постоянный, о да грант бар то что жоғалмайтынына. Ол инстаграм сияқты емес. Инстаграмның артын білмейміз, ертең жабылып қалуы мүмкін. Сол себепті мен әр блогер ютубта каналы болуы керек деп санаймын.
Мәселен, Ахонның қызына жасаған пранкі 2,5 млн қаралым жинаған. Жас блогердің айтуынша видеохостинг 1 млн қаралымға 120 мың теңгеден бастап қаражат төлеуі тиіс. Алайда Ахон мұндай табыс табу елімізде қолжетімсіз дейді.
Ахон Бержан, блогер:
- Бізде Қазақстанда көп ақша бермейді, көп ақша төлемейді. Басқа елдерге көп төйлейді за просмотр төлейді ғой. И екінші жақтан түсіру ол реклама жағынан ақша түсіру. Бірақ ютубтта ақша көп табуға мүмкіндік жоқ, чем инстаграмға қарағанда.
Ал NNN Нұрдаулет үшін бастысы табыс емес, танымалдылық. «Не тот аялдама» сериялымен трендтен түспеген блогер, тіпті жарнамалардан бас тартқан.
Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:
- Просмотр жайында трендте үш серия да бірінші орында тұрды бір аптадай. Біздің мақсат сол болды, ол жерден ақша алынбады да, берілмеді да, маған реклама ұсыныстар келді, давай бір серияға осыншама ақша берейік деп. Мен айттым бағана айтқандай для «галочки» өзім үшін істей аламын.
Әнші 2Rar болса, керісінше ютубтан пайда көру үшін, тынбай еңбек етемін деп отыр. Ғаламторда «Ертегі емес» сериалын ұсынған музыкант, болашақта туындыны үлкен экрандарға да шығармақ ниетте.
2Rar, жас әнші:
- Бірінші ақша табу үшін біздегі материалдан гөрі, бірінші рекламадательдер көп келу керек сияқты ютубқа. Бірақ біз олсыз да ақшасыз да біз ютубтың данный момент ең актуальный площадка екенін біліп «Ертегі еместі» ешқандай каналсыз ютуқа шығарған болатынбыз.
Ал бүгінде ютуб плаформасында жеке парақшасында 3 млн-нан аса қаралым жинаған Zheka Fatbelly трендте. Сондай-ақ, TerriTima, Sekavines оқырман жағынан топ жарса, әншілер арасында Нұрболат Абдуллин, Қайрат Нұртас, Данэлия Тулешова және «Ninety One» тобы кадр сыртындағы қызықтарымен бөлісіп жүр.