«Джанлука Вакки әке атанады» дегенді есітген ел, бұл сәтті асыға күткені сөзсіз. Күні кеше бір қызға асқар тау болған биші, қуанышын өзінің инста парақшасында сүйіншіледі. Сәбиіне «Блу Иерусалима» деген есімді Шэрон Фонесканың өзі қойған. Босанған бойда тикток түсірген Шэронға жұрт: «күтінсеңші», - деп ескертулер айтуда. Жұлдызды жұптың ата-ана атанатыны мамыр айының басында белгілі болған еді.
Павел Прилучный бұрынғы отбасын қайтаруға асық! Жазда ғана Агата Муцениецемен ара қатынасын үзген актер, жас қыздарды жағалап кеткен еді. Инсайдерлердің айтуынша, 9 ай өткен соң, Павел Агатадан кешірім сұрап, қайта қосылуға ұсыныс айтқан. Бірақ Муцениеце Прилучныйдың өтінішіне жауап қайтармапты.
Пандемия қайтадан қызған шақта туған күнін дүркірете атап өткен Ким Кардашьянның басы бәлеге қалды. Өзінің жеке аралында 40-қа толғанын тойлатқан сәнбике, қуанышты сәттерінің суреттерімен инстаграм парақшасында бөліскен еді. Бірақ жұрт Кимнің қызығын бөлісе алмағандай. Себебі фотолардың астына негатив коментарийлер жиналып қалды. Ал Кардашьян әулетінің тұңғышы болса, ештеңені елемек емес.