Күні кеше Мысыр елінде саяхатта болған Тәуекел Мүсілім, бұл жолғы демалысын тек жары екеуіне арнаған. «Жыл тойына» айналмай қалған үйлену салтанатының орнын толтыру үшін ол, сүйіктісіне бал айын шетелде өткізуді уәде берген көрінеді.
Тәуекел Мүсілім, актер:
-Бұл жолы анамды апарған жоқпын. Өйткені Махаббат екеуміз енді той болмағаннан кейін бір медовый месяц дейді ғой. Соны әйтеуір бірге өткізейік деп, сөйтіп ойлап шешіп, барып қайттық. Демалып екеуміз ғана. Мамам үйде қалды.
Індет әлем бойынша толық жойылмағандықтан шетелге шығу әлі де қауіпті екені рас. Ал туристердің аздығы актер үшін керісінше оң жамбасына тура келген. «Десе де, сақтық шараларын барынша ескеріп, тәуекелге бел будық»,- дейді ол.
Тәуекел Мүсілім, актер:
- Толыққанды сақтық шаралары орындалып, ешқандай контактілерге бармайсың. Тамақ ішетін ас бөлмелерінің бәрі ашық терезелері ашық, оның үстіне қолыңа ешқандай прибор ұстамайсың, аспазшылардың өздері салып береді. Ол бір жағынан қолайлы болды. Балалар да болған жоқ. Сол өте жақсы, нағыз бал айына өте бір қолайлы сәт болды.
Бал айында балбұл жайнаған Махаббат пен Тәуекелдің Мысырдағы суреттері көпті тамсандырмай қоймады. Ал актердің жарының күн санап фолловерлері артып, танымалдылығы да есейе түсуде. Әлде Тәуекелдің анасы бұрынғы талаптарын өзгертіп, Махаббаттың «жұлдызды жар» атануына рұқсат берген бе?!
Тәуекел Мүсілім, актер:
- Ондай рұқсат жоқ әлі күнге дейін. Жалпы толықтай шектеу емес, әрине қазіргі заманның талабы ғой бір жағынан әлеуметтік желіде өзінің парақшаңды жүргізу деген сияқты. Тек қана белсенді болмау керек, сол ғана талап басты анамыздың. Меніңше, ондай бір қатты белсенділік танытып жатқан жоқпыз.