Фариза Ескермес шетелдік саяхаттан күні кеше оралды. «Джейран» тобының экс-әншісі Бірікен Араб Әмірлігінде демалып келген-ді. Сылқым сәтін салып, халықаралық әуеқатынастарының саны сиретілмей тұрғанда, сапарлатып үлгергеніне дән риза.
Фариза Ескермес, әнші, актриса:
- Жақсы демалып қайттым, қап-қара болып отырмын алдарыңызда. Шетелге өзім шығам, шетелге достарыммен шығам кейде, құрбыларыммен шығам. Биыл осы жақында құрбыммен шықтым.
Жақын құрбысымен шекара асқан Фариза үшін де, оның желідегі фолловерлері үшін де бұл демлыс көпке дейін естен кетпесі анық. Себебі, сылқым алғаш рет ашық-шашық образда фотоға түсіп, суретін желіге жүктеп жанкүйерлерін таңқалдырды.
Фариза Ескермес, әнші, актриса:
- Купальникпен өмірімде бірінші рет сурет салдым. Ия осы бір апта бұрын, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Оның үстіне қиып, былай әдемілеп салдым оны, барлық денемді көрсеткен жоқпын. Онда тұрған ештеңе жоқ, теңіз жағасында болсын, қай жақта суға түссеңде көйлекпен түспейсің купальникпен түсесің.
Есесіне Айнұр Ілиясова жағажай жанында суретке түсуге асықпайды. Актриса қазіргі кезді саяхаттауға қолайлы сәт санамайды.
Айнұр Ілиясова, актриса:
- Енді дұрыс па бұрыс па ол әрбір адамның өзінің жеке жауапкершілігі. Бірақ менің ойымша, шықпай тұра тұру қажет. Өйткені қазір, шыққан кезде әуе самолет деген ол кәдімгідей үлкен вирус ия ішінде, оның терезесі ашылмайды, адамның бәрі соның ішінде, сондықтан да бұл қауіпті жағдай.
«Ең дұрысы үйден шықпай отыру керек», - дегендердің тағы бірі Элизат Берікова. Әдетте шетелге жиі сапарлататын әнші, тәртіпке бағыну, вирустан сақтанудың жалғыз амалы дейді.
Элизат Берікова, әнші, актриса:
- Енді не істейміз бәріне көнеміз. Қазақстанның азаматы болғаннан кейін карантин десе карантинда отырамыз үйде. Басқа не істейміз, қайда барамыз, әрине өзіміздің бала-шағамызды ойлаймыз, ата-анамызды туған-туыстарымызды ойлаймыз. Ол кісілер ауырып қалмасын деп.
Десе де, карантин талабы мен шектеулерге құлақ аспай, отандық шоу-бизнес өкілдерінің біразы бүгінде шетелде жүр. Атап айтсақ, Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш Стамбұлда, Айқын мен жары Жұлдыз Мысырда, Айнұр Нұрсейіт Анталияда уақытын қызықты өткізуде.