«Қыстың қамын жаз ойлап», қазірден бастап карантиннің екінші толқынына дайындалып жүргеннің бірі - Асхат Тарғын. 7 айға жуық уақыт той-томалақтан жиған-тергенімен күн көрген ол: «Енді өнеріме сенбей басқа тіршілік қамына кірісемін», - деп отыр.
Асхат Тарғын, әнші:
- Жалғыз творчествоға қарамай, басқа бір бизнес болғаны дұрыс. Карантинде жинағанымызды жеп жаттық үйде. Басқа менде шыны керек тірлік жоқ.
Сондай-ақ өнер иесі, карантин кезінде мемлекеттік жұмыстың артықшылығын түсінгендей. Еске салсақ, Асхат Тарғын «Алматы әуендері» орталығында солист ретінде қызметте.
Асхат Тарғын, әнші:
- Бір жағынан үкіметте жұмыстамыз. Госслужбада кәдімгі , айлығым бар. Бұрын айлық карточкаға түсіп жатады қарамайсың ғой. Қазір енді айлықты қарайтын болдық. Ол үнемшілдікке үйретті. Менің жоспарымда бар магазин ашу. Мүмкін магазин бола ма, мүмкін аптека бола ма, бірақ жоспарымда бар.
Нұрболхан Шарапов та карантинде қаржыдан қысылғандар қатарында. Шаралар шегеріліп, той тұралап қалғанда, әзілкеш инста парақшасында жарнама жасап, күнін көрген. Алайда былай жүре беруге болмайтынын түсінген Шарапов енді өзін саудада сынап көрмек.
Нұрболхан Шарапов, әзілкеш, шоумен:
-Реклама бар, карантиннің кезінде жасырмаймын, жасырынып тойға барғанымыз да бар. И сосын гив бар. Гив өткіземіз. Халық біледі ғой, жасыратын ештеңесі жоқ. сомен күн көріп жатырмыз ғой қазір. Өзіміз де ойланып жүрміз сол шет жақты қарап. Турциядан товар тасимыз ба деген ойлар да кетіп жатыр ғой, негізі жаймен.
Ал Еркебұлан Мырзабек болса, тығырықтан шығу үшін бизнеке кіріскісі келмейді. Сондықтан ол жобалардың авторы әрі сценарист ретінде ары қарай да нәпақасын табуға ниетті. Оның үстіне, карантин кезі Мырзабектің жұмысына кедергі бола алмағандай.
Еркебұлан Мырзабек, шоумен, актер:
- Егер жаппай карантин болып жатса,онлайн режимде қалай шығармашылықпен айналысу жолдарын қарастырып жатырмыз. Бүгінгі таңда көрерменсіз студияда бағдарлама түсіреміз. Және алға қойған 1-2 жоблар бар, солардың сценариімен айналысамыз деп шешім қабылдадық.