Селена Гомес қайтадан қалың күйзеліске түскен. Бұл жайлы Селенаның өзі инстаграмдағы тікелей эфирінде айтты. «COVID-19 АҚШ-қа жетті дегенді естігеннен, ақыл естен айырылдым. Қатты қорықтым. Барлық жер жабылды. Өзімді тордағы торғайдай сезіндім», - дейді ол. Бүгінде емделіп жатқан Гомес алдына келелі мақсат қойыпты. Селена өзі өндіретін косметика желісінен 10 жылда 100 миллион доллар пайда тауып, оны психикалық ауытқуы бар жандардың еміне жұмсаған екен.
Дмитрий Нагиев тұңғыш рет жеке өмірі жайлы айтты! Актердің осы уақытқа дейін тек бір рет үйленіп, ажырасқаны ғана белгілі еді. Бірақ күні кеше ресейлік БАҚ-қа берген сұқбатында: «Жалғыз емеспін. Сүйіктім бар. Аты-жөнін айтпаймын. Менің жасымда қыз таңдамайды екен», - деді. Қала берді Нагиев өз өмірі баяндалатын кітап жазуға кірісіп кетіпті. «Оқыған адам жылайды», - дейді ол.
Тағы да пиар қадам ба? Өткен айда ғана ажырасатындарын айтқан Cardi B мен Offset Батыстық папарацци көзіне түсіп қалған. Голливудтың талқысына жиі түсетін Карди өткен демалыста 28-ші туған күнін атап өткен болатын. Шақырылған қонақтар қатарында оның экс-күйеуі Киари Кендрелл де бар болып шықты. Енді қос жұлдыздың жанкүйерлері ажырасу бола ма, жоқ па деп болжап әлек.