Хейли Бибер хейтерлерінің ауызына қақпақ қойды! Естеріңізде болса, жақында ғана Джастин мен Хейли отау құрғандарына 2 жыл болғанын, шағын ортада атап өткен еді. Арада сонша уақыт өтсе де, сәнбике мен әнші әлі сәби сүймеді. Желідегі оқырманы да жиі осы жайлы сұрайды. Экс-Болдуин: «Мені асықтырмаңыздар», - деп қысқа жауап қатқан.
Бритни Спирс өмір бақи қамқорлықта қалып қоюы мүмкін! Бұл туралы әншінің экс-менеджері күні кеше хабарлады. Естеріңізде болса, 2008 жылы Калифорния соты Бритниды «психикалық ауытқуы бар» деп танып, оны әкесінің қарамағына өткізген еді. Ол дегені Спирстың сүретін өмірін, қаражатын басқа адам бақылайды, басқарады. Поп-орындаушының биыл қаңтарда берген бас бостандығына байланысты өтініші қанағаттандырылмаған.
«The New York Times» басылыма сұқбат берген Николь Кидман кинодағы мансабын есіне алды. Жақында 53 жасқа толған актриса фильмге шақыртуды аз алатынын, бұрынғыдай белсенділіктің жоқтығын айтып ашынған. Қала берді Кидман, Том Крузбен өткізген жылдарын да сағынышпен еске алады екен. «Том екеуіміздің жанұямызда толық идиллия еді. Өкінішке қарай ол көпке созылмады», - дейді Николь.