Фонограмма туралы жаңа заң әртістер арасында қызу талқыда. Еске салсақ, енді әншілер концертте фонограма қолданатын болса, ол туралы тыңдарманды алдын-ала ескертуі тиіс. Бұл қаулыны естігін экс-«Кешьюлік» Элизат Берікова «елімізде әншілерге ешқандай жағдай жасалмаған» деп, өкпе-назын білдірді.
Элизат Берікова, «Kesh YOU» тобының экс-әншісі:
- Бізде Қазақстанда мысалы той-томалақтарда, тойлардың ішінде немесе бір басқа завиденияларда ішінде аппаратуралар өте нашар, өте нашар. Звуктар дұрыс шықпайды, микрофон дұрыс емес, настройкасы жоқ.
Фонограмма былай тұрсын, енді концертте сахна мәдениеті туралы ұмытқан әртістерге айыпбұл салынбақ. Кеште мас күйінде ән айтқандар, балағат сөздер білдергендер заң алдында жауапқа тартылады. Айдана Меденова бұл өзгертулерді қолдайтындар қатарында.
Айдана Меденова, әнші:
- Сахна мәдениеті сол, жақсы дұрыс қалыпта шығу. Өзіңнің тұрыс, образың барлығы нормада болу керек. Шеттен шығып кетпеу керек. Бәрі сондай бір, тәрбиелі, ең бастысы сол шеттен шығып кетпеу керек.
Десе де, өнер иелері арасынан заңға қатысты қарсылық танытқандар да табылды. Олардың пікірінше, өнер адамдары тәуелсіз болуы қажет.
Кентал, әнші:
-Негізі мен қарсымын, ондай нелерге. Себебі әр әртіс өзі біледі қалай не істеу керек. Өнер деген ол заңға жатпау керек. Себебі, өнер деген ол тәуелсіз болу керек.
2RAR, музыкант:
-Белгілі бір, рамкалерге қоймау керек та творчествада. Жаңағыдай, әннің текстіне заң жүзінде қадағалайтын болса әннің текстін. Қатты кірісіп кетпесе болғаны сол нәрсеге әрбір сөзге тиісіп не істеп, заң жүзінде деп, сол маңызды.