Осы жаздың хитіне айналған «Femme Like You» трегіне ремикс жасап, қайта жан бітірген - Мадияр Оналдын есімді музыкант. 25 жастағы өнерпаз «Monaldin» лақап атымен танылып жүр. Бүгінде бұл композиция әлемдік «shazam» мен «iTunes» чарттарында топ жарған. Моналдин туындыны француздык әнші Эмма Питерстің өзімен келісіп жарыққа шығарған.
Monaldin, музыкант:
- Француздық бір лейблға жіберіп көрдім, сүйтіп едім олар жақсы екен мынау, біз осыны шығарсақ болады деп. Онда біз бәрімен келісейік деп, өзінің авторымен Эмма Питерспен кездесіп, соны шығардық.
Моналдин сынды шетелдік өнерпаздармен коллаборация жасап жүргендердің тағы бірі – Cybermode. 21-дегі музыканттың авторлық ремикстерін Tiësto, David Guetta, Martin Garrix сынды әлемге әйгілі диджейлердің өзі қолдаған. Тіпті, оның туындылары «Ultra Music Festival», «Tomorrowland», Coachella фестивальдерінде қойылған.
Cybermode, музыкант:
– Мен әлемдегі ең мықты музыкалық лейблмен келісімшартқа отырдым. Ол «Spinnin’ Records». Содан бері мені көптеген әйгілді музыканттар қолдап келеді. Туындыларым сол жақтан жарыққа шығып жатыр.
Cybermode-тің шын есімі Мұса. Жас отандасымыз бүгінде продюсер ретінде де өзін байқап көруде.
Doreus & Cybermode, музыкант:
- Сондай-ақ, мен өзге музыканттардың продюсері болып жүрмін. Тапсырысқа музыка жасаймын, авторлық құқықпен тректерді сатамын. Соған күн көремін десем де болады.
Қазақстанның электронды музыкасын дамытып жүрген бұл өнерпаздардың жетекшісі - Салауат Амет. Ол «Роузес» трегіне ремикс жасап әлемге танылған Иманбектің продюсері әрі менеджері.
Салауат Амет, музыкант, веб-дизайнер:
- Менің мақсатым сол Қазақстанда электронды музыканы көтеру осы жастар арқылы көтеру. Енді бәрі кете берсе ол дұрыс емес деп ойлаймын, бірақ барып көріп қайтқан көріп салыстырсын.
Ал алғаш болып электронды музыкасы арқылы әлемге танылған Иманбектің шығармашылық жаңалықтары жетерлік. Хитмейкер тіпті шетелдік әріптестерімен ортақ тректер жарыққа шығарған.
Салауат Амет, музыкант, веб-дизайнер:
- Жақында Afrojack деген диджей бар Голандияның өте танымал диджей сомен бірге коллаборация жасады. Өте әдемі шықты әні. Қазір мысалы былай айтсам вирусный өлең болып жатыр тик-токта қай жерде қарасаң да.