Кендалл Дженнердің Батыстық БАҚ-қа берген сұқбаты, сәнбикенің көптеген жанкүйерлерінің көңіліне қаяу түсірді. Кендалл: «Мен есірткі өнімдерін үнемі тұтынамын. Бұл қырымды ешкім білмейді. Бірінші рет жалпақ жұртқа айтып отырмын», - дейді. Дженнер – Кардашьян әулетіндегі жаман әдетке әуестеніп кеткен алғашқы адам емес. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Ким де өзінің кері қылықтарының барын айтқан болатын.
Дженнифер Энистон мен Брэд Питт бірге! Тек экранда ғана... Кезіндегі жұлдызды жұп араға 19 жыл салып, "Careless Times at Ridgemont High" атты комедиялық киноның дубляж алаңында жолықты. Соңғы рет Брэд пен Дженнифер 2001 жылдың күзінде "Достар" телехикаясына бірге түскен еді.
Біршене күн бұрын Перис Хилтонның өмірін баяндайтын «This is Paris» атты деректі фильм ютуб желісінде жарық көрді. Аталмыш туындыда, Перис жасөспірім шақта көрген психологиялық қысым жайлы және өмірде кездескен қиындықтары туралы айтып береді. «Осыған дейін жан баласына айта алмаған сырларымды, паш ететін кез келді», - дейді әнші.