Онлайн үйлену той! Инстаграм желісі арқылы салтанатты шараны ұйымдастыру идеясы Данияр Жұмаділовке тиесілі. Карантин кесірінен тойын өткізе алмаған жас жұбайларға өнер иесі осылайша қуаныш сыйламақ.
Данияр Жұмаділов, актер, шоумен:
– Мен онлайн тойдың бізге үйреншікті емес екенін жақсы түсінемін. Себебі халық мұндай жаңашылдықты қабылдай бермейді. Бірақ карантин кезінде, бұл керемет идея деп ойлаймын.
Еске салсақ, Данияр Жұмаділовты халық «Спарта» КВН командасының капитаны ретінде біледі. Асабалық, әншілігімен қатар, соңғы кезде күлкілі вайндарымен де танылып жүрген Данияр, карантинде де құр қол қусырып отыра алмадым дейді.
Данияр Жұмаділов, актер, шоумен:
– Көбіне шетелде мұндай форматта тойды өткізгенін көрдім. Одан кейін ресейлік бағдарламалар пайда бола бастады. Кейін ойлана келе, неге бізге де онлайн той ұйымдастырмасқа дедім.
Тікелей эфирде өтетін үйлену тойға, жас жұбайлармен онлайн трансляция арқылы қосылады. Асабалық қызметті өз қолына алған Даниярмен қатар, танымал әншілер де өнер көрсетпек.
Данияр Жұмаділов, актер, шоумен:
– Уақыт көрсетер. Нәтижесін тойдан кейін көрерміз. Бірақ ең бастысы бұл біз үшін керемет тәжірбие болатыны сөзсіз.
Ал инстаграмда той жасап тарихта қалатын жұпты Данияр конкурс арқылы анықтайды. Ол үшін үміткерлер махаббат хикаясын баяндайтын арнайы видео таспалап, оны #instaсвадьба хэштегімен белгілеуі тиіс. Көптің арасынан жеңімпазды Даниярдың ұлы Әли таңдап, анықтамақ.